Экономикалық өсу және даму
Автор: Polinasm • Февраль 13, 2024 • Лекция • 2,106 Слов (9 Страниц) • 144 Просмотры
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: СӨЖ
Факультет: Экономика және бизнес жоғары мектебі
Кафедра: Қаржы және есеп
Орындаған: Сагинбай Ұлдана
Тексерген: Табеев Т.П
Алматы, 2023
Жоспар:
- Экономикалық даму және өсу
- Жұмыссыздық және инфляция
- Ақша несие саясаты
- Макроэкономикадағы реттеушілік
- Қаржы, бюджет, салық
Экономикалық өсу және даму:
Экономикалық өсу және даму әрбір ұлттық экономиканың мақсат бардары мен стратегиясының көрінісі болып табылады. Экономикалық өсу сандық факторларға сүйенсе, экономикалық даму көбінесе сапалық факторларға сүйенеді.
Экономикалық өсу - Ұлттық шаруашылықтың адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімдерді өндіру қабілеттілігі мен мүмкіндігінің ұлғаюы.
Экономикалық өсудің мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады.
Нақты жалпы ұлттық (ішкі) өнім көрсеткішінің белгілі бір уақыт аралығында өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады. Нақты жалпы ұлттық өнім көрсеткішінің белгілі бір уақыт аралығында жан басына шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Өсу теориясының бағыттары:
Неоклассиктер өз зерттеулерінде рыноктық экономиканың баға механизмі ресурстарға сұраныс пен ұсыныстың, жинақтар мен инвестициялардың тепе-теңдігін, өнім шығарылымында көлемі нақты және ықтимал тепе-теңдігі қамтамасыз етеді деген алғышарттарға сүйенеді.
Неокейнсиандық бағыты қарама-қарсы алғышарттарға сүйенеді ж.ә экономикалық өсуді тұрақсыз құбылыс ретінде қарастырады. Сондықтан да олар инвестицияларға сұранысты қалыптастыру маңызды рөл атқарады деп санайды. Неокейнсиандық типтегі моделдер қатарына Р.Харрод, Е.Домар, Н.Калдор, Э.Хенсен және т.б моделдерін жатқызуға болады.
Тарихи-әлеуметтік даму оның әлеуметтік сипатына қарай ауысады, қоғамның өмір сүру сапасын жоғарылатуға ұмтылады, ал бұл болса өз кезегінде макроэкономикалық жүйедегі ұдайы өндіріс көрсеткіштерін күрделендіреді.
Экономика циклдық сипатта дамиды, яғни экономиканың құлдырауынан кейін әрқашанда даму немесе өркендеу процесі орын алады. Экономиканың циклды дамуы нарықтық экономика жағдайында іскерлік белсенділіктің үнемі үздіксіз ауытқып отыруы.
Экономикалық дамудың түрлері:
- Экстенсивті түрі
Экономикалық дамудың экстенсивті түрі дегеніміз – ол эканомиканың өндіріс факторларының ескі техника негізінде сан жағынан молаюын айтады.
Эккономикалық дамуға әсер ететін факторлар:
- Негізгі капитал
- Ғылыми техникалық прогрес
- Еңбек ресурстары
- Табиғат ресурстары
- Жиынтық сұраныс
Экстенсивті экономикалық даму – ол шаруашылықтың дамытуын ең ыңғайлы әдісі болып табылады. Бұл әдістің көмегімен табиғи ресурстады өте жылдам игеруге болады, оған қоса салыстырмалы түрде тез жұмыссыздықты қысқарту мүмкіндігі және де жұмысшы күшінің үлен көлемде жұмыс істеуін ынталандырады. Экстенсивті әдіспен даму ұзақ мерзім аралығында мемлекеттегі ұлттық өндіріс пен шаруашылықты ыңғайсыз жағдайға соқтырады. Дамыған мемлекеттер көбінесе мұндай әдісті қолданылмайды, экстенсивті дамуды тек ресурстары жеткілікті, бірақ технологиялық және экономикалық жағдайы нашар дамушы мемлекеттер қолданылады.
...