Фармацевтикалық индустрия дамуының қазіргі қарқындары, фармацевтикалық нарықты мемлекеттік реттеу
Автор: zhainaakhilbai • Сентябрь 11, 2023 • Реферат • 4,432 Слов (18 Страниц) • 236 Просмотры
[pic 1]
Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырып: Фармацевтикалық индустрия дамуының қазіргі қарқындары, фармацевтикалық нарықты мемлекеттік реттеу.
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Шымкент 2023 жыл
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Фармацевтика өнеркәсібінің ағымдағы жағдайын бағалау
- Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығының қарқыны
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Денсаулық сақтаудың маңызды міндеттерінің бірі – халықты қауіпсіз, тиімді, сапалы және қолжетімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты Қазақстанның фармацевтикалық нарықтағы отандық дәрілік препараттардың негізгі даму қарқынын талдау өзекті болып қалуда. Фармацевтика саласын басқару кезіндегі, яғни дәрілік заттармен халықты қамтамасыз етудегі жедел шешім қабылдау, әдетте, дәрілік препараттар нарығында қалыптасқан жағдайды маркетингтік талдауға негізделеді. Осы мәселелерді қарастыру қажеттілігі халықты отандық дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтауға және Қазақстан Республикасында отандық дәрілік заттарды тиімді қолдану жүйесінің жаңа әдістемелік жолдарын ғылыми негіздеуге мүмкіндік берді. «Фармация саласындағы ғылыми тәжиребелік жұмыстар елімізде 1951 жылы басталды. Қазір Қазақ Ұлттық Медицина университетінің фармацевтика факультеті, Алматы дәрігерлер білімін жетілдірі институтының клиникасы, Фармакология кафедрасы, Республиканың жоғары медициналық оқу орындарындағы арнайы кафедралар шұғылданады. 2016 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасында 3228 дәріхана, 1144 дәріханалық пунктер, 2358 дәріханалық киоскілер, 626 дәріханалық қоймалар, 115 фармацевтік өндірістер жұмыс істейді. Республикада фармацевтика жүйесінде 12 мыңнан астам адам қызмет етеді, олардың 5,5 мыңы жоғары дәрежелі мамандар. Қазақстандағы медикаменттердің жиынтық нарығы шамамен 6000 атауды қамтиды. Сарапшылардың бағалауы бойынша 2009 жылы ЖІӨ өсімінен орта есеппен 1,5 -2 еседен асатын тұрақты жылдық өсім үрдісімен 1 млрд долларды құрады.
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығының қарқыны
«Фармацевтика өнеркәсібі ел аумағындағы дамушы сала. Дегенмен фармацевтика және медицина өнімі өндірушілерінің жалпы 79 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл ретте 6 ірі зауытты айрықша атап өтуге болады. Олар мыналар: “Химфарм” АҚ, “Глобал Фарм БК” ЖШС, “Нобел АФФ” АҚ, “Ромат” фармецевтикалық компаниясы, “Нұр-Май Фарм” ЖШС, “Қарағанды фармацевтика кешені” және медициналық жабдық бойынша “Ақтөберентген” АҚ толық циклды өндірісі бар кәсіпорны. Қазірдің өзінде біз санамалап өткен еліміздегі ең ірі бес-алты компанияның үшеуі – шетелмен бірлестікте. Қазақстандағы фармацевтика өнімдерін шығаратын ең ірі “Ромат” фирмасы Прагадағы Favea Europe компаниясымен келсім жасасқан. «Ромат» компаниясы Павлодар мен Семей қалаларында құны 37 миллион еуро болатын екі фармацевтикалық зауыт салуды жоспарлап отыр» Фармация халыққа дәрі-дәрімекпен көмек көрсетуді іске асыратын сала. Фармацияның негізіне дәрілік заттарды анықтау, іздеу, оларды зерттеу, дайындау, қалыптау және шығару, сұрыптау, стандарттау, сақтау, тарату және фармациялық қызметті ұйымдастыру жатады. Фармацияның тарихы адамзат тарихымен бір.
...