Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұрақты және айнымалы шығындар

Автор:   •  Апрель 16, 2018  •  Реферат  •  2,240 Слов (9 Страниц)  •  3,157 Просмотры

Страница 1 из 9

Жоспар:

Кіріспе ....................................................................................................................

  1. Тұрақты және айнымалы шығындар........................................................
  2. Жалпы шығындар және орташа жалпы шығындар.................................
  3. Орташа тұрақты шығындар және орташа айнымалы шығындар...........
  4. Шекті шығындар.........................................................................................

Қорытынды............................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................

Кіріспе

Өндіріс ресурстарын пайдалану нәтижесінде өнім өндіріліп, одан кейін оның сатылуы жүзеге асса, осы процестерде қолданылған өндіріс ресурстарының ақшалай көрінісі – шығындар.

Әрбір кәсіпорын өнім өндіруді бастаудан бұрын өндірісті жүргізгенде қандай түсім алуға болатынын алдын-ала анықтайды. Кәсіпорын түсімінің шамасы екі көрсеткішке тәуелді болады: тауцардың бағасы және оның өндірісіне кететін шығындар. Осылайша фирманың пайдасы оның түсімі мен шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады. Нарық жағдайында пайда фирманың қызметін бағалауда ең басты бағдар, критерий рөлін атқарады.

Өндіріс шығындары дегеніміз фирманың, кәсіпорынның ақшалай шығындары.

Айқынсыз шығындар (implicit costs) – бұл фирманың өз меншігіндегі ресурстарының (мысалы, жер, құрал-жабдықтар және кәсіпкерлік қабілет) шығындары.

Бұл шығындар барлық уақытта көрінбейді, бірақ оларды басқару шешімдерін қабылдағанда мақсатты түрде ескеру қажет.

Мысалы, капитал иесі үшін айқынсыз шығындар пайда арқылы көрсетілуі мүмкін. Егер капитал иесі меншігіндегі капиталын “өз” ісіне салмай, басқа бір өндіріске салса, онда ол белгілі бір пайыз алар еді. Осылайша айқынсыз шығындардың құрамында кәсіпкердің өндіріске салған жеке меншік капиталынан түсетін пайыз, меншік иесі – кәсіпкердің еңбегі және т.т. кіреді. Кәсіпкер өндірісті ұйымдастыруда маңызды рөл орындайды және ол үшін белгілі бір шамадағы ақы алады. Бұл – қалыпты пайда және ол айқынсыз шығындар құрамына кіреді. Кәсіпкер көзқарасы тұрғысынан қарағанда қалыпты пайда оның осы бизнесті таңдап алуының бағасы болып есептеледі және ол кәсіпкердің басқа балама бизнесті таңдағанда одан түсетін пайдасынан кем болмауы керек.

Айқын  шығындар  (explicit costs)  деп өндіріс факторлары мен  жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы  төлем  түрін алатын  балама шығындар аталады. Бұлардың болуы  ресурстарды  тыстан алумен байланысты. Мысалы,  жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы  төлеу, көлік шығындарын  өтеу т.б.

Ішкі шығындар – бүл осы өндірісте қолданылатын жеке меншік ресурстардың балама шығындары, олар төленбейтін шығындар.

Сыртқы (айқын) шығындар немесе бухгалтерлік шығындар – бұл кәсіпорынның сыртқы субъектілерге оалрдың экономикалық ресурстары үшін төлейтін ақшалай шығындары.

Кәсіпорынның айқын шығындары (explicit costs) – бұл еңбекақы төлеуге, материалдар мен шикізаттар сатып алуға, негізгі қорлар амортизациясына, көлік шығындарын төлеуге кететін шығындар. Олар қаржы есептерінің негізінде есептелетін болғандықтан, бухгалтерлік шығындар деп аталады.

Бухгалтерлік (нақты) шығындар – бұл кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық қызметтерді жүргізуімен тікелей байланысты нақты шығындары.

Экономикалық шығындар – бұл айқын (бухгалтерлік) және айқынсыз шығындардың жиынтығы. Экономикалық және бухгалтерлік шығындардың айырмасы айқынсыз шығындарға тең болады.

Тұрақты және айнымалы шығындар

Шығындар функциясы шығарылған өнім көлемі (Q) мен осы қамтамасыз етуге қажетті шығындардың ең төменгі деңгейінің арасындағы байланысты сипаттайды:

C=ʄ (Q)

Мұндағы Q – шығарылған өнім көлемі; С – өнімді өндіру мен сатуға кететін ең төменгі шамадағы шығындар. Қықа уақыт мерзіміндегі шығындардың әр түрлі элементтері, мысалы, капитал (К) және еңбек (L) өнім шығару көлемінің өзгеруіне әр түрлі ықпалын тигізген. Сондықтан тәжірибеде және теорияда тұрақты шығындар (FC)  мен айнымалы шығындарды (VC) бөліп көрсетеді.

...

Скачать:   txt (31.6 Kb)   pdf (327.2 Kb)   docx (32.8 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club