Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдасқан-құқықтық нысандары, түсінігі түрлері мысалдар
Автор: zhannurnurmash • Октябрь 8, 2021 • Контрольная работа • 1,238 Слов (5 Страниц) • 507 Просмотры
1.Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдасқан-құқықтық нысандары, түсінігі түрлері мысалдар
Нарықтық экономика жүйесінде əр түрлі меншікке негізделген кəсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары жұмыс істейді. Көз келген кəсіпорынның құқықтық негізі кəсіпкерлік болып табылады. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі. ережесімен; меншік нысанымен.
[pic 1]
Шаруашылық серіктестік - бұл өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін, басқа да шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алатың, жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестіктердің белгілері: ұйым коммерциялық статусқа ие; жалпы құқық қабілеттілігі (арнайы болуы да мүмкін); жарғылық капитал құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген; құрылтайшылар (қатысушылар) салымдары есебінен, сонымен қатар өз қызметі барысында өндірілген немесе иеленген салымдары есебінен құрылған мүлік иелері болып табылады.
№ | Нысаны | Қатысушылар статусы | Қатысушылар саны | АЕК |
1 | Толық серіктестік (ТС) | Тек жеке тұлғалар | Екеуден кем емес | 25 АЕК |
2 | Коммандитті (сенім) серіктестік (КДС) | Толық серіктестіктер (тек жеке тұлғалар); салымшылар (жеке және заңды тұлғалар) | Екеуден кем емес, және бір толық серіктестіктен және бір салымшыдан кем емес | 50 АЕК |
3 | Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) | Жеке және заңды тұлғалар; ЖШС жалғыз қатысушысы ретінде бір тұлғадан тұратын басқа шаруашылық серіктестік бола алмайды | 1 және одан жоғары | 100 АЕК |
4 | Қосымша жауапкелігі бар серіктестік (ҚЖС) | Жеке және заңды тұлғалар; ЖШС жалғыз қатышусы ретінде бір тұлғадан тұратын басқашаруашылық серіктес бола алмайды | 1 және одан жоғары | 100 АЕК |
5 | Акционерлік қоғам (АҚ) | Жеке және заңды тұлғалар | 1 және одан жоғары | 50 000 АЕК |
6 | Өндірістік кооператив (ӨК) | Жеке тұлғалар | 2-ден кем емес және одан жоғары | |
7 | Мемлекеттік кәсіпорын | Мемлекеттік басқару органы | Меншік иесімен анықталады | 10 000 АЕК |
Толық серіктестік - бұл мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік. Толық серіктестіктің ең жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестікті басқаруды, осы серіктестіктің атқарушы органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлері, құрылу тəртібі жəне олардың құзыреттілігі құрылтай құжаттарымен анықталады. Толық серіктестікті жою барысында қолма-қол ақша барлық қарыздарын жабуға жетпеген жағдайда, оның қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болады. Мысал: " Эрфурт и компания " ТС(туристік агенттігі)
...