Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

Автор:   •  Август 3, 2021  •  Реферат  •  2,497 Слов (10 Страниц)  •  1,066 Просмотры

Страница 1 из 10

                                                 [pic 1]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

"Білім беру мектебі" факультеті

"Педагогика және психология" кафедрасы

Реферат

Пәні:  Кәсіпкерлік

Тақырыбы:  Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

                                                     

       

                                                                       

Орындаған: Ирдыкасенова А.Ж.

                                           Тобы: ПП-18-3

                                                                            Қабылдаған:  Таскараева  М.Б.

        1. Нарықты экономика жүйесінде әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың жұмыс істеу үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай (шарт) құрылған. Әрбір кәсіпорын өз жұмысын бастай отырып, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарға қажеттілігін, сонымен қоса кәсіпорынға өндірісте бар қаржыны жақсы пайдалану үшін болашаққа болжам жасайды.

        Егер өзінің өндірістік шаруашылық жұмыстарын және өз болашақтары мен мүмкіндіктері туралы экономикалық ақпараттың жүйелі жоспарсыз, нарықтық экономикада меншік иелері табысқа жете алмайды.

        Нарық кезінде нарықты реттеушілердің салалық, бәсекелестік, саяси, әлеуметтік сияқты ортаның қажеттіліктерінің өзгеруін қажеттілік пен мүмкіндіктерді алдын ала байқауды тек жоспарлаумен байланыстыру мүмкін.

2. Кәсіпорынға жоспарлау өндірісті басқарудың басты функциясы болып табылады. Қазіргі менеджментте қолданылып жүрген басқару функциясының жалпы жіктелуі Ф.Тейлор, А.Файол, Г.Эмерсондер қалыптастырған және оның ізімен ұйымдастыру   басқару функциясының жүйесі көрсетіледі, әрбір функция шаруашылық субъектісінің жоспарлы  қызметіне жатады: мақсатқа негізделу, стратегияны өңдеу, жұмысты, бағаны және нәтижелерді бақылауды, мақсатты өңдеу және жоспарды нақтылау.

Нарық жағдайын кәсіпорын ішіндегі жоспарлау бірыңғай бүтін жүйе  ретінде бір уақытта көптеген өзара байланысы бар экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, инвестициялық, басқарушылық және басқа да проблемаларды қарастыруға мүмкіндік береді.

        Демек, кәсіпорынға жоспарлау басқарушылық шешім қабылдау және орындау үшін мөлшерлік базаға қызмет ететін өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға негіз болып табылады.

        Кәсіпорын деңгейінде жоспарлау жеке функцияларды әлеуметтік  экономикалық дамудың бірыңғай кешенді жүйесіне біріктіреді және синтез ретінде алға шығады нәтижесінде кез келген орта болжамға беріледі.  Оңтайлы жоспарда кең және толық кәсіпорын мақсаты, функциясы мен  қасиетін көрсетеді, болашақта жоспарланған шешім жүйесін өткізуге мүмкіндік береді. Осыған сәйкес, шаруашылык ішіндегі қызметтерді нарықтық жоспарлау кәсіпорынға олардың даму, процестерді ұйымдастыру, тауарлар мен қызмет көрсетудің көлемі мен шығарылған мерзімі, шектеулі өндірістік ресурстарды бөлу мен тұтыну кезінде белгілі нәтижелерге жету мақсаты тұрған ғылыми негізде қорытылады.            

Жоспардың түрлері және сипаттамасы

        3. Нарықты экономика жүйесінде, кәсіпорын экономикасын жоспарлау мемлекеттің экономикалық процестерді реттеу саласына сәйкес жүргізіледі. Бұл жағдайда әрбір кәсіпорын өз жұмысын тиімді жүргізіп, көбірек пайда табу үшін жасалынады, әрі оған жоғарыдан жоспарлау міндеті қойылмайды, бірақ салық жүйесі арқылы, кәсіпорын жұмысы бақыланып отырылады. Әрбір өндірістік кәсіпорын жоспардың бірнеше түрін қолдану арқылы, өнеркәсіптің даму стратегиясын, болжамдарын жасай алады. Жоспар жасау арқылы, өнімді өндіру, сату көлемдері, қажет шикізат пен техника қажеттіліктері анықталады. Осындай бағыттарды анықтау үшін жасалған жоспар бірнеше түрде жіктеледі.

...

Скачать:   txt (31.6 Kb)   pdf (217.7 Kb)   docx (35.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club