«Жол картасы» әлеуметтік – экономикалық бағдарламасының негізгі мәселелері
Автор: Kabdulinakt • Январь 30, 2019 • Курсовая работа • 18,445 Слов (74 Страниц) • 881 Просмотры
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономикалық өсуді үдету және дамудын шикізаттық көздердің жоғары технологиялар өнеркәсібі басымдығына өту негізінде оның сапасын ауыстырудын маңызды талабы болып ұлттық құрылымды-инвестициялық саясат жүргізу болып табылады.
Әсерлі құрылымды-инвестициялық саясат елде бас мақсаты мен мемлекеттің өндіру-шаруашылық кешенді индустриалды түрлендіру бағыты анықталған экономиканың өсу концепция болғанда ғана мүмкін.
Қазақстанда қиын кезеңде ұлы істер жасалуда. Қазақстан халқы ел басында ел экономикасының осал жерлерін білетін және елді қай бағытта ілгерілету қажеттілігін білетін ақылды, шыныққан, жігерлі көшбасшы тұрғанына тағы да көзі жетті.
Қоғамның қолдауы заңды, өйткені Елбасының Жолдаулары мен ұстанған саясаты – Қазақстанның жан-жақты дамудың негізді стратегиясы. Жолдау ойдағыдай іске асырылса, Қазақстан одан да мықты елге айналуы әбден мүмкін. Бүгін Қазақстан әлемде жеңісті, жемісті ел ретінде танымал. Енді біздің мақсат – Қазақстанды өркенді, гүлденген елге айналдыру.
Соңғы жылдары Қазақстан неше түрлі қиын жағдайға түсіп, күрделі экономикалық және саяси жағдайда дұрыс шешім қабылдай алу тұрғысынан бекемдігі сыналды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көрегенді саясаты арқасында біз дағдарыстан шынығып, жақсы тәжірибе алып шықтық. Елбасының айтуынша, соңғы кезде болған күйзелістерден кейін біздің жұмыстығ басты мәні келесіде: «әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс өсу қарқынына әсерін тигізсе де, біздің дамуды тоқтатқан жоқ».
Қазір Президенттің жеке қадағалауымен жасалған Парламент және Үкіметтің үйлесімді және оперативті жұмысы әлемдік даңдарыс әсерін жұмсартуға қолғабыс етті деп айта аламыз. Ендігі біздің мақсат – дамудын – 2020 жылға дейінгі даму сатысына өтуді қамтамасыз ету, елді жетілдіріп, үлгілету, потенциалын жоғарылатып бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
Президенттік стратегия – Орта Азиядағы ең дамыған елді әрі қарай реформалаудын ірі жобасы. Бұл жалпыұлттық сипаттағы міндет. Президент айтқандай, ешкім қалыс қалмауы тиіс, тек сонда ғана біз Қазақстанның жаңа экономикалық өсуін қамтамасыз ете аламыз.
2020 жылға дейінгі Стратегияны іске асыру Қазақстанға экономикалық даму бойынша аймақтық және халықаралық деңгейде алдынғы орындарға ие болуға мүмкіндік береді. Қазақстанның алдында жаңа міндеттер тұр. Олар өте күрделі, өйткені экономика саласынан бастап әлеуметтік мәселелерге дейін қамтиды.
Нұрсұлтан Әбішұлы барлық қазақстандықтарды еліміздің одан да бәсекеге қабілетті болашағына атсалысуға шақырды. Ол еңбек өндірісін жоғарылату, ұлттық инновациялық жүйенің дамуына серпін беру, инвесторлар үшін одан да жағымды жағдай туғызу, шикізаттық емес шетке шығарушыларға қолғабыс көрсету және аймақтық даму реформасын өткізу деген сөз.
Алдағы онжылдықта тұрақты және теңгерімді даму экономиканы диверсификациялау үрдісі мен сапасына байланысты болатыны анық. Елбасы барлық деңгейдегі жұмыстар осы критерий бойынша бағаланатыны туралы текке айтпады. Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын ол қоғамның экономикалық идеологиясы ретінде анықтады.
Индустриалды-инновациялық қарқынды даму бағдарламасын іске асыра отырып, біз жаңа экономика, жаңа өндіріс, жалақысы жоғары жұмыс орындарын, тұрақты өсуді қамтамасыз ете аламыз. Индустриалдық даму – жаңа онжылдықтағы үміт, ел дамуы үшін жаңа мүмкіндік. Сондықтан ел саясаты инновациялар мен ғылымды дамыту, жағымды макроэкономикалық орта құру және бизнес-климатты жақсарту арқылы экономиканы қолдаудың жүйелі шараларын қарастырады.
Индустриаландыру жоспарын іске асыру жолында жергілікті билікке өте зор мән беріледі, өйткені аймақтық экономикалық даму және өндіріс күштерін тиімді орналастыру жалпыұлттық стратегиямен байланыстырылады. Қарқынды диверсификация аймақтық даму реформасысыз біз жетістікке жете алмаймыз.
Қазақстандық қоғам әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мәртебесі және қызметі туралы сұрақтардың шешілуін қанағатпен қарсы алды. Олар жергілікті атқару органдарына берілді. Енді олар маңызды бизнес-жобаларды дайындап, іске асыру бойынша іс жүзінде аймақтық корпорацияларға айналуы қажет. Сондықтан жергілікті билік қызметінің ең басты бағыттарының бірі – аймақтарда жеке кәсіпкерлікке жан-жақты қолғабыс көрсету және дамыту, жаңа өндірістер құруға көшу және жаңа бастамаларды қолдау. Осы міндеттерді орындау үшін жергілікті мемлекеттік органдарға қажетті бюджеттік ресурстар мен әкімшілік тетіктер берілді.
...