Бизнес-жоспар
Автор: Ақжан Аманбай • Декабрь 11, 2019 • Реферат • 2,343 Слов (10 Страниц) • 2,802 Просмотры
Кәсіпкерлік қызметті үйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі экономикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивті тэсілдерін қолдануды талап етеді. Ал, бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды (бизнес жасауға немесе кеңейтуге арналған жағдайлардың болуы) талдауға мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспар - бұл жоспарланған істің (жобаның) нақты іске асатындығын көрсететін экономикалық негізделген аналитикалық құжат. Оны бизнестің жаңа сферасын құруға немесе кәсіпорын қызметінің жаңа сферасын меңгеруге қажетті кәсіпорынның даму жоспары деп те атауға болады. Тәжірибеде бизнес-жоспардың мынадай түрлері едәуір жиі қолданады: ұйымның бизнес-жоспары, несие алуға арналған бизнес-жоспар, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары, құрылымдық бөлімшенің бизнес-жоспары, грантқа арналған бизнес-жоспар, аймақты дамытудың бизнес-жоспары, мекеменің бизнес-жоспары жэне т.б.
Бизнес-жоспар элеуетті әріптестердің, инвесторлардың, банкирлердің назарын аудартатындай сауатты түрде жасалуы қажет. Ол кәсіпорынның немесе кәсіпкердің өзін, оның бизнесін көрсететін жарнамалау құралы ретінде кәсіби түрде көрінуі тиіс. Сондықтан оның мазмұнына ғана емес, сыртқы түріне де назар аударған дұрыс. Бизнес-жоспар қарапайым, түсінікті, сауатты жэне пайдалануға қолайлы болуы керек.
Қазіргі кезде кәсіпкерлік тэжірбиеде және ғылыми әдебиеттерде бизнес-жоспардың мазмұны мен құрылымына қатысты ғылыми негізделген нақты тәсіл жоқ. Бизнес-жоспардың құрамы, құрылымы мен көлемі оның мақсатына кәсіпорынның мөлшеріне, қызмет түрінің өзгешелігіне байланысты анықталады. Алайда бизнес-жоспар белгілі бір бөлімдерден тұрады. Мұнда бизнестің негізгі идеясы мен мақсаты ашылып көрсетіледі, кэсіпорын мен қажет болған жағдайда сала, кәсіпорында өндірілетін өнімдердің өзгешелігі, нарықтық қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіншілігі сипатталады, сондай-ақ кәсіпорын персоналдары мен басқару жүйесі, маркетингтік, өндірістік, қаржылық жоспарлары қарастырылады.
Бизнес-жоспардың құрылымы шартты түрде келесі келесі бөлімдерден тұруы мүмкін:
1. Резюме.
2. Кәсіпорынның сипаттамасы.
3. Өнімнің (қызметтің, жұмыстың) сипаттамасы.
4. Нарықты талдау.
5. ¥йымдастырушылық жоспар. Персонал және басқару.
6. Өндірістік жоспар.
7. Маркетинг жоспары.
8. Тәуекелді бағалау.
9. Қаржылық жоспар.
10. Қосымшалар.
Жоғарыда айтып өткеніміздей бизнес-жоспардың құрылымы, яғни бөлімдері жобаның өзіндік өзгешелігіне сәйкес нақтылануы, өзгеруі немесе түзетілуі мүмкін. Сондықтан ұсынылған құрылым шартты түрде анықталғанын ескеру қажет.
Бизнес-жоспарды дайындау оның сыртқы (титульный) бетін дұрыс ресімдеуден басталады жэне ол бетте мынадай мәліметтер көрсетілуі керек:
1) фирманың толық ресми атауы; егер фирмалық белгісі бар болса фирманың атауынан кейін орналастырылуы керек;
2) фирманың үйымдық-кұкыктық нысаны;
3) заңдық мекен-жайы, яғни кәсіпорынның тіркеу құжатында көрсетілген мекен-жайы;
4) нақты пошталық мекен-жайы;
5) телекоммуникациялық реквизиттер: электрондық пошта, телефон, факс нөмірлері;
6) жобаға жетекшілік ететін фирма қызметкерінің аты-жөні және лауазымы.
Бизнес-жоспардың сыртқы беті алгаш көргеннен-ақ жақсы эсер қалдыратындай етіп жасалуы тиіс. Осыған байланысты фирманың эмблемасы мен логотипін де көрсетуге болады. Осыдан кейін резюме немесе қысқаша шолу бөлімі дайындалады.
Резюме бизнес-жоспардың мэнін ашатын, бірнеше пункттен тұратын қысқаша нысанда сипатталады, оның көлемі 1-2 беттен аспағаны дүрыс. Резюмеде бизнес-жоспардың барлық бөлімдеріндегі ақпараттар қамтылгандықтан жоба толық дайындалып біткеннен кейін жасалады. Резюмеде келесі мәселелер қамтылуы тиіс:
...