Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Акционерлік қоғамдарды қаржыландыру

Автор:   •  Декабрь 17, 2018  •  Курсовая работа  •  7,543 Слов (31 Страниц)  •  625 Просмотры

Страница 1 из 31

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Экономика, бизнес және құқық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Ұйым қаржылары

Тақырыбы: «Акционерлік қоғамдарды қаржыландыру»

Мамандығы: 0516000 «Қаржы» (салалар бойынша)

Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің

Фин-31қ топ студенті

Құнанбаева Аяжан Саулебайқызы

Жетекші: Хамзина К.К.

Қарағанды 2018

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1.АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҚАРЖЫСНЫҢ ТЕОРИЯСЫ

1.1 Акционерлік қоғамның мәні, пайда болу тартысы............................................5

1.2 Акционерлік қоғамды қайта құру,қосу бөлу тәртібі..........................................8

1.3 Акционерлік қоғамның қаржылық жұмысының айырықшылығы.................17

2.АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Акционерлік қоғамның қызмет ету ерекшеліктері..........................................20

2.2 Акционерлік қоғамның қаржылық жағдайын талдау......................................22

2.3 Қазақстандағы акционерлік қоғамның қаржылық жағдайлары......................24

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................27

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................28

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің 2018 жыл 5 қазандағы жолдауы  қазақстандықтардың әлеуметтік, қаржылық жағдайларының өсуіне, жұмыскерлердің еңбекақысын өсіру, жұмыссыздықты азайту және т.б. халықтың әл-ауқатын жақсарту жолдарына бағытталады. Жолдауда кәсіпкерліктің өсуінің  кайнар көздерін қалыптастыруы және жеке меншік секторларына инвестиция салуды ынталандыру керектігін мәселе етеді. Себебі, кәсіпкерлік қана жаңа жұмыс орындарын қалыптастырып, қазақстандықтардың көптеген бөлігін еңбекақымен қамтамасыз етеді. Дегенмен, кәсіпкерлер тек табыс туралы ойламай, мемлекетпен бірге азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуі керек. Егер алаңдаушылық туғызатын кәсіп түрлері болса, бұл мәселені шешуді инвесторларға тапсырылатыны туралы айтып кетеді [1].

Қаржылық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор. 

Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.Өз кезегінде қаржы саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы маңызды рөл атқарады, себебі олар жалпы қаржылардың негізгі бөлігін құрайды және нарықтық эконоамиканың қызмет етуінің негізі болып табылады. Яғни, бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды., материалдық немесе материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізі бөлігі қатынасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Бүгінде шаруашылқ субъектілерінің арасында акционерлік қоғамдардың орнын ерекше атап өтсек болады. Өйткені олардың экономикада басты үлеті алып отыр және олар аталған қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануда негізгі ұйымдық кәсіпоырндар болып табылады. 

...

Скачать:   txt (119.3 Kb)   pdf (329.6 Kb)   docx (50.3 Kb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club