Отчет по практике в БҚО «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы»
Автор: isabek.199907 • Май 17, 2020 • Отчет по практике • 7,494 Слов (30 Страниц) • 835 Просмотры
Мазмұны
КІРІСПЕ....................................................................................................................................... 3
1 БҚО «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» сипаттамасы...........................................................................................................4
1.1 Батыс Қазақстан облысының географиялық орнымен климаты......................................6
1.2 Топырақ сипаттамасы............................................................................................................7
1.3 Ауа райы жағдайлары............................................................................................................8
1.4 Тәжірибені өту орнының құрамы және іс бағыты............................................................10
2 Фитосанитарлық терминология........................................................................................11
2.1 Фитосанитарлық шаралар және ауылшаруашылық дақылдарының өсуі мен даму ерекшеліктер ……………………………..…………………………………………………….12
3 Ауыл шаруашылық дақылдарының фитосанитарлық жағдайлары.........................16
3.1 Өндірістік тәжірибе өту орнындағы бақылау нысандарының тізімі................................17
4.Фитосанитариялық есептілікті уақытылы тапсыру туралы….…........…….………19
4.1 Өсімдік зиянкестері...............................................................................................................20
4.2 Өсімдіктер аурулары.............................................................................................................23 4.3Арамшөптер............................................................................................................................24 5 Егістердің фитосанитарлық жағдайлары......................................................................26 5.1 Өсімдік қорғау шаралары......................................................................................................27
6 Өсімдік шаруашылығының өнімдерін қабылдау,жинаудан кейін өңдеу, орналастыру және сақтау.........................................................................................................28
Қорытынды..................................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................................32
Кіріспе
Өндірістік практика оқу үрдісінің бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады және оның студенттің алған теориялық білімін тереңдетуде, бекітуде, сондай-ақ келесі болатын өндірістік кәсіби қызыметтерде дағыдылар мен тәлімдерді алуда өзіндік мақсаты бар. Өндірістік практика Орал қаласында орналасқан “Орал ауыл шаруашылық тәжірибестанциясының” территориясында өткізіледі. Бұнда өсімдіктерге аймақтың топырағына және ауа райы жағдайына сәйкес келетін агротехникалық шаралар жүйесін қалыптастырады. Оны осы аймақтың агроэкономикалық зоналарына лайықты етіп іріктеп, зерттеп, керек болса кей тұстарын қайта зерттеп ыңғайластырып отырады. Барлық тәжірибелер дала жағдайында өтеді. Егіншілік жүйесін үнемді пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруде ғылыми терең технологиямен күту және тыңайтқыштар жүйесін пайдалану нәтижелігін қарастырады. Студент өндірістік практитка үрдісі кезінде мамандығы бойынша әртүрлі жұмыстарды ұйымдастырғанда алдыңғы қатарлы әдістер мен технологиямен танысады. Өндірістік практикасы келешекте студентке өндірісте өз бетімен жұмыс жасаудың негізін салады, студенттің жеке қабілетін дамытады және ашып көрсетеді және алға қойған міндетін қайтседе орындауға тырыстырады. Өндірістік практика құрал-жабдықтарға ұқыпты қарауға, жұмыс уақытын экономикалық тиімді пайдалануға үйретеді.
Өндірістік практиканың базасы өндірістік мекемелер, өндірістік шеберханалар, зертханалар, шаруашылық тәжірибелер, тағы басқа жоғары оқу орындарының қосымша бөлімшелері, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметіне сәйкес ұйымдары болып табылады.
Өндірістік практиканың мақсаты түйінді құзіреттілігін бекіту, оқыту мамандығы бойынша практикалық дағды мен кәсіптік тәжірибе қалыптастыру болып табылады.Өндірістік практиканың базасын белгілеу оқытылатын мамандықтың профиліне байланысты (немесе салалас мекемелерде).
...