Есебi өндiрiстiк практика «King’s travel»
Автор: iamdosymzhanabat • Июнь 24, 2023 • Отчет по практике • 3,330 Слов (14 Страниц) • 262 Просмотры
АЕҚ «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
«ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ» КАФЕДРАСЫ
ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫ
[pic 1]
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА
ЕСЕБІ
Қайрат Қ.Б.
«6B11105 - Туристік дестинациялар менеджменті»
2 курс, ТДМ 21-01
Практика жетекшісі:
магистр-оқытушы
Ешимов Б. Х.
Түркістан 2023
МАЗМҰНЫ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫМЫ 3
1.1 «King’s travel» мекемесінің сипаттамасы 4
1.2 «King’s travel» мекемесінің құрылымы 5
2 ПРАКТИКА ӨТУ БАРЫСЫ 9
2.1 Кәсіпорында практика өту барысы 9
2.2 Турды ұйымдастыру, туристік өнімді жылжыту 10
2.3 Туристік фирмаларды ұйымдастырудың аспектілері 12
ҰСЫНЫСТАР МЕН ПІКІРЛЕР 14
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 16
КІРІСПЕ
Мен өндірістік практиканы жеке кәсіпкер «King’s travel» туристік агенттігінде өттім. Бұл фирма Қазақстан Республикасының туризм нарығында 2021 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, 162 үй. Туризм нарығында 2 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келе жатқан бұл компания елімізде және шетел мемлекеттеріне турларды ұйымдастырады.
Практика барысында мен турфирма жайлы көптеген ақпараттар алдым, басқару құрылымымен, кәсіпорынның қаржылық есебімен, кәсіпорын қызметкерлерімен таныстым. Туристерге телефон арқылы ақпараттар бердім, яғни жолдамалардың құны, ұсынылатын қызметтер ассортименті, жол ақысының құны, офистің орналасқан орны жайлы ақпараттарды беріп отырдым. Туристерге ұсынылатын брошюралар, каталогтар, буклеттер, журналдар, дискілермен таныстым. Туристік фирма көптеген басқа туристік фирмалармен ынтымақтастық келісім-шартта тұрады екен. Сол келісім-шарттармен де таныстым. Интернет арқылы жұмыс істеуді үйреніп, тапсырыстар қабылдап, бірнеше жолдамалар жасадым. Кәсіпорынның туристерге баруға ұсынатын жерлер жайлы көптеген ақпараттар алдым, көп нәрсені үйрендім. Қайда баратындығын білмейтін туристерге бағыт-бағдар беріп, қайда демалуға болатындығын айтып, демалыс үйлері жайлы толық ақпараттар бердім.
Өндірістік практиканың мақсаты – туризм саласында тәжірибе жинап практика жүзінде үйрену.
Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер тұжырымдалды:
- Туристтермен коммуникация орнату;
- Турөнім идеясын әзірлеу;
- Турөнімді қалыптастыру;
- Турөнімдік жылжыту стратегиясын дайындау;
- Тур калькуляциясын жасау;
- Турды коммерцияландыру;
- Турды нарықта тексеріп көру.
Өндірістік практика есебі үш бөлімнен тұрады. Бірінші және екінші бөлім тақырыпшалардан тұрады, ал үшінші бөлімде ұсыныс пен пікір жазылған.
- КӘСІПОРЫННЫҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 «King’s travel» мекемесінің сипаттамасы
Мен, өндірістік практикамды 2023 жылы 29 мамырдан 25 маусымға дейін «King’s travel» туристік агенттігінде өттім. Бұл фирма Қазақстан Республикасының туризм нарығында 2021 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, 162 үй. Туризм нарығында 2 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келе жатқан бұл компания елімізде және шетел мемлекеттеріне турларды ұйымдастырады. «King’s travel» жеке кәсіпкерлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес құрылған. Туристік фирма өз міндеттемелері бойынша тек қана өз мүлкі шегінде жауапкершілік атқарады. Заң актілерінде қарастырылған жағдайлардан басқа, кәсіпорын қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал Серіктестік құрылтайшылардың (қатысушылардың) міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестікке қатысушы Серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Серіктестік қызметіне байланысты шығындарын шегу қаупіне өз салымдарының құны шегінде жауапты болады.
...