Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қаржы лизинг түсінігі

Автор:   •  Декабрь 11, 2018  •  Доклад  •  3,468 Слов (14 Страниц)  •  545 Просмотры

Страница 1 из 14

Жоспар

КІРІСПЕ    

                                                                                                             

1. Қаржы лизингінің түсінігі                                                                              

2. Лизинг түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары және ерекшеліктері                                                                                                

3. Лизинг шартының қолданылуы, лизинг шартын өзгерту және бұзу            

                                                                                                                   

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                          

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                                                              


КІРІСПЕ

Қазіргі жағдайда Қазақстан экономикасының дамуы оның барлық салаларындағы терең нарықтық өзгертулер бойынша шаралар жүргізуге және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы 2030 жылға дейін халық шаруашылығын басқарудағы елеулі оңды өзгертулерді қарастырады. Экономиканы басқару стратегиясында лизинг механизміне елеулі мән беріледі, себебі, онда отандық кәсіпкерлік нарықтың дамуына үлкен потенциал салынған.

Өз қаржы ресурстарының, бюджеттік қаражаттың және шетелдік инвестиция шектеулілігі жағдайында қазақстан кәсіпорындары жаңа техниканы лезде сатып алуға мүмкіндігі, құрал-жабдықтарды өндірушілердің өздері елеулі қаржы ресурстарын қажет етеді, банктер шаруашылық субъектілерді несиелендіру үшін лезде кепіл сұрайды.

Кәсіпорындардың техникалық жабдықталу жағдайы негізгі қорлардың физикалық және моральдік тозудың шекті деңгейін жағдайы негізгі қорлардың және аморальдік тозудың шекті деңгейін көрсетіп отыр. Аталған факторлардың  барлығы ұлттық экономикаға теріс әсер етеді және негізгі құралдарды жаңартудың альтернативті жолдарын іздеуді талап етеді.

Лизингтік қатынастардың құрылуы және дамуы қазақстандық кәсіпорындардың техникалық потенциалын қайта құруға жағдайлармен және мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Шағын кәсіпорындар үшін ерекше қажеттілігі: мүліктің рухани ескіруіне байланысты шығынға жол бермеу; келісімді 100 пайыз қаржыландыруды қамтамасыз ету, жалгерлік төлемге қолайлы жағдай туғызуға келісу, ағымдағы шағын ретінде қаралатын жалгерлік өтем қаржысына салынатын таза табыс салығының бір бөлігін азайту. Халықаралық ақша айналымында лизинг елдердің жалға берушілеріне салық жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік береді». Бірақ, қазіргі уақытта республикадағы лизингтің даму деңгейі оған қойылатын талаптарға толық сәйкес келмейді. Бұл лизингтің қолданылатын экономикалық-ұйымдық механизмдердің әлсіз тиімділігімен, лизингті басқару сұрақтары бойынша заңдық және құқықтық актілердің жетілмегендігімен, ұсынылатын лизингтік қызметтердің құрамы мен сипаты туралы ақпараттық базаның жеткіліксіздігімен, лизингтік қатынастарда толық қатысу үшін көптеген лизинг алушылардың психологиялық дайынсыздығы, көптеген лизингтік компаниялардың инвестициялық потенциалының әлсіздігімен түсіндіріледі. Осыған байланысты бүгінгі таңда көптеген лизингтік компаниялар банктік және сақтандыру секторының, олардың лизингтік фирмалардың қызметінде тікелей қатысуымен және лизингтік қызмет сферасын кеңейту үшін клиент тартуымен қаржылық ресурстарын тарту арқылы кеңею саясатын жүргізеді.


  1. Қаржы лизингінің түсінігі және оның түрлері

 Инновациялық процестердегі  лизингтің рөлін терең анықтау үшін лизингтің экономикалық мәнін және оның қаржы ресурстарының жетіспеушілігі жағдайында негізгі қорларды  қайта құру процесіне  ықпалын анықтау керек.

«Лизинг» термині ағылшынның «lease» етістігінен шықты және «жал» деп аударылады, лизинг келісімінің негізінде тараптардың мүлікті уақытша пайдалануға  қатысты  қатынастары жатқанûмен, келісімнің сипаттамасы осымен шектелмейді. Неміс тілінде «leasіngvertrage» термині «тұрғын үйді бұзу және жөндеу үшін жауапкершілік  жалға алушыда болатын жалдау келісімінің түрін»  білдіреді.

...

Скачать:   txt (42.3 Kb)   pdf (398.7 Kb)   docx (36.8 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club