Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тікелей және жанама салықтардың ролін бюджет кірісін қалыптастыруда арттыру бағыттары

Автор:   •  Апрель 22, 2021  •  Дипломная работа  •  17,877 Слов (72 Страниц)  •  404 Просмотры

Страница 1 из 72

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Салық-өркениетті қоғам үшін, осы қоғамда өмір сүру құқығы  және салық жүйесі әділ болып табылатыны үшін төлем болып табылады. Қазіргі заманғы экономистердің ерекше назары көбінесе жеке табыс түрлері мен мұндай реформаларды жүргізудің ерекше жағдайлары олардың серпінін жақсы зерделеуге, бұл ретте болып жатқан процестердің негізгі параметрлерін дәл айқындауға, алынған нәтижелердің үлкен салыстыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін дамушы елдердің тиісті тәжірибесін зерделеуге және жинақтауға бөлінеді.

 Н.Ə. Назарбаев  Қазақстан  халқына  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында макроэкономикалық  саясатты,  жекелей  алғанда,  салық  бөлігіндегі жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті: «Біз нарық қатысушыларын салықтан жалтару  жолдарын  іздеуге  емес,  бəсекелестікке  ынталандыруымыз қажет. Бизнес деңгейіндегі болашақ салық саясаты ішкі өсімді ынталандыруы жəне сыртқы нарықтарға отандық экспортты, ал азаматтар деңгейінде олардың қорларын, жинақтарын жəне салымдарын ынталандыруға тиіс».

Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді жабуға жұмсалатын және шығарылған заң негізінде мемлекет арқылы алынатын ерексіз немесе міндетті алымдарды салықтар деп атайды. Заңмен бекітілген салықтар, алымдар, кеден баждары мен басқа да төлемдердің жиынтығы нақты критерийлер, белгілер және ерекше құрамдары бойынша жіктеледі. Салықтардың тікелей және жанама деп бөлінуі тауарлар мен қызметтер тұтынушыға салық ауыртпалығын аудару дәрежесін бағалау үшін қолданылады. Салықтардың тікелей және жанама бөлінуі жөнінде қазіргі кездегі көзқарас көп  ғасырлар дамуының нәтижесінде қалыптасқан. Ал біздің елеміздің тәуелсіздікті жариялағаннан бері республикамыздың салық жүйесінің қызмет етуінің он жылдан аса уақыт тәжірибесі бар. Мемлекетке салық жүйесі елдің экономикалық және әлеуметтік жағынан маңызды мәселелерді шешу мақсатында, сонымен қатар өндірістің даму қарқыны мен пропорциясын реттеуді қадағалау үшін де қажет. Дегенмен елдің экономикасындағы нарықтық өзгерістер және әлемдік нарықтағы қазіргі кездегі жағдай мемлекеттің қалыптасқан салық жүйесін әлі де жетілдіруді талап етеді. Қазіргі таңда Қазақастанда Салық кодексі өңделіп қайта жасалды, ол салық салу негізін және салықты жинау процесі барысында пайда болатын құқықытық қатынастарды анықтайды. Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында салық саясатының негізгі бағыты — мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы жаңа қатынастарды тиімді айқындайтын салық түрлерін анықтау болып отыр. Қандай да бір дәрежеде осындай салықтарға жанама салықтарды немесе тұтыну салықтарын жатқызуға болады. Мемлекеттің даму қарқынына және әртүрлі макроэкономикалық көрсеткіштердің даму деңгейіне байланысты мемлекеттік кірісте салықтардың үлес салмағы өзгеріп отыруы мүмкін. Атап айтқанда, тікелей салықтар экономикасы қалыптасқан және тұрақты мемлекеттерде басым болады. Бірақ, іс жүзінде барлық мемлекеттерді фискалды саясатты іске асыруда негізгі рөлді тікелей және жанама салықтар атқарады.

Ғылыми жаңалығы. Базалық теориялық-әдіснамалық және практикалық нәтижелерді алуға негізделген зерттеу барысында, салық толеуде маңызды болып табылатын нәтижелер алынды:

- тікелей  және жанама салықтарды дамытудың теориялық және әдістемелік негіздері, оның сипаттары, функциялары және рөлі белгіленді;

- жанам және тікелей салықтық салу принципі анықталды;

- жанама және тікелей салық салу  концепциясы мен көрсеткіштері зерделенді;

- жанама және тікелей салықтық реттеу әдістері анықталды;

-жанама және тікелей  салық салудың шетелдік тәжірибесі талданды

...

Скачать:   txt (260.9 Kb)   pdf (561.6 Kb)   docx (162 Kb)  
Продолжить читать еще 71 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club