Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Лекция  •  524 Слов (3 Страниц)  •  1,097 Просмотры

Страница 1 из 3
Тақырып 5. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру

  1. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері
  2. Бизнесті инвестициялау формалары
  3. Бизнесті инвестициялау көрсеткіштері және бағалау әдістері
  1. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері

      Кәсіпкерлік қызмет қаржылық қамтамасыз етуді талап етеді. Кәсіпорынның ақша қаражаттарының көздері әдетте өзіндік (ішкі) және басқа жақтардан тартылған, қарызды (сыртқы) болып бөлінеді.

Өз меншігіндегі қаражаттардың негізгі көздері болып жарғылық капитал, пайда немесе резервтер, кәсіпорынның жинақтары, заңды және жеке тұлғалардың түрлі жарналары  табылады.

Жарғылық капитал – кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін құрылтайшылардың салған қаражаттарының соммасы.

Қалыпты даму үстіндегі кәсіпорынның қаражаттарының негізгі көзі болып пайда табылады – пайда көптеген факторларға байланысты, олардың ішіндегі ең маңыздысы болып кәсіпорынның кірістері мен шығыстарының ара-қатынасы.

Қарыз құралдары. Қарыз ақша қаражаттарын тартудың негізгі тәсілдері болып банктерден немесе өзге де заңды немесе жеке тұлғалардан несие алу, сондай-ақ кәсіпорын үшін  ерекше борыш міндеттемесі – облигация шығару болып табылады.

Кәсіпорын іс-әрекетін қаржыландыру қаражаттары олардың қажеттілігіне және ұсынылған мерзімдеріне байланысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінуі мүмкін. Қысқа мерзімді қаражаттар кәсіпорынның ағымдағы қажеттілік жабу үшін қолданылады, мысалға еңбек ақыны төлеу бойынша, шикізат, материалдар, өзге де ағымдағы шығындарды төлеу бойынша. Ұзақ мерзімді қаражаттар өндірістік құрал-жабдықтарды, қозғалмайтын мүлікке төлеу үшін, ұзақ мерзімге инвестицияларды жүзеге асыру үшін (жаңа цехтық құрылысымен, жаңа құрастыру линиясын іске қосу, өндірістің жаңа түрін енгізу) қолданылады.

  1. Бизнесті инвестициялау формалары

      Инвестициялау қаржы салу болып табылады. Инвестициялау субъектілері болып мыналар саналады:

  1. материалдық бөлігі – негізгі құралдар, материалдың айналымдағы құралдары;
  2. қолға ұстауға келмейтін активтер – кадрлар;
  3. қаржыландыру ортасы – акциялар, облигациялар, сақтандыру.

     Бизнесті инвестрлеудің негізгі формалары болып:

  1. несие;
  2. залог (кепілдікке алынған нәрсе);
  3. факторинг;
  4. лизинг табылады.

Несие беруші кәсіпкердің ұсынысын бағалап, негізгі 6 кездерге көңіл аударады. Бизнесменнің қаржылық жағдайымен танысқанда несие беруші алдымен оның баланстық есебі, пайда және шығын жөніндегі есебі, соңғы жылғы ақшалай айналым есебі, табыс салығының декларациясының көшірмесі қызығушылық танытады.

Кепілдік – зат салып, қарыз алу. Қарыз бергеннің қолында кепілдікке қалдырған зат болады. Кепілдікке көліктер, құрылыстар тұратын, ақша, құнды қағаздар т.б. салынады.

...

Скачать:   txt (7.6 Kb)   pdf (79.6 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club