Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Каскад-2004» ЖШС дебиторлық және кредиторлық берешектермен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру ерекшеліктері

Автор:   •  Май 17, 2024  •  Курсовая работа  •  12,954 Слов (52 Страниц)  •  86 Просмотры

Страница 1 из 52

Мазмұны

Кіріспе

3

1

Дебиторлық және кредиторлық берешектер есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері

6

1.1

Дебиторлық берешектер: түсінігі, түрлері, бағалау мен тану

6

1.2

Кредиторлық берешектер: түсінігі мен түрлері

8

2

«Каскад-2004» ЖШС дебиторлық және кредиторлық берешектермен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру ерекшеліктері

14

2.1

Дебиторлық берешектер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру

14

2.2

Кредиторлық берешектер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру

30

3

«Каскад-2004» ЖШС дебиторлық және кредиторлық берешектер қозғалысын талдау және жетілдіру жолдарын ұсыну

50

3.1

Дебиторлық берешектер айналымын талдау

50

3.2

Кредиторлық берешектер айналымын талдау

55

Қорытынды

60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

61

Кіріспе

Нарықтық экономикада кез келген коммерциялық ұйымға экономикалық қызметін тиімді түрде ұсыну үшін басқа шаруашылық экономикалық субъектілерімен шаруашылық байланыста болуы кажет. Бұл ұйымдар үшін ең маңызды мақсаты экономикалық дамуына жол ашады. Ондай мақсаттың негізі кәсіпорынның өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған пайдасы арқылы бейнеленеді және ол ұйым жұмысының тиімділігінің көрсеткіші, қайнар көзі ретінде болып саналады. Қаржы негізін құрайтын пайда өсімі нәтижесінде кәсіпорынның өндірісін кеңейтуіне және кәсіпорынның басшылары мен жұмыскерлерінің материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса кәсіпорын алынған пайда есебінен банк мекемелері, бюджет және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер алдында міндеттемелерін орындай алады.

Жоғарыда айтып кеткен мақсаттарға жету үшін кәсіпорын өндірісін барынша ұлғайтуға тырысады. Сонымен қатар кез келген кәсіпорындар мен ұйымдар өз қызметтерін тиімді жүргізу үшін, басқа шаруашылық экономикалық субъектілерімен шаруашылық байланыстарды жүргізеді. Шаруашылық байланыстар – ұйымның жұмыс жасауының негізгі шарттарының бірі, себебі, осы байланыстар ұйымды өндіріске керек заттармен қамтамасыз етіп, өндірістің үздіксіздігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ұйымдар арасындағы шаруашылық қатынастар келісімшарт арқылы рәсімделеді. Келісімшартқа сәйкес бірінші жақ тауарлы материалдық қорлармен және жұмыс, қызметпен қамтамасыз етуші, ал екінші жақ сәйкесінше сатып алушы, тұтынушы, төлеуші болып табылады.

Бұндай қатынастардың кез келген кәсіпорын үшін маңызы зор. Өйткені ол ұйым үшін үзіліссіз жұмыс істеп тұруына, оны керекті материалдармен жабдықтап отыруына бірден-бір себепші болады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық жөне әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Сонымен қатар бұл қатынастар кәсіпорын үшін өндірілген өнімдерді тиімді өткізуге де жәрдемдеседі.

Кәсіпорындар мен серіктестер арасындағы шаруашылық қатынастардың дамуы аралық есеп айырысулар көлемін көбейтуге әсер етеді. Осы себептен кез-келген кәсіпорын балансында дебиторлық та, кредиторлық та берешектің пайда болуы орынды. Дебиторлық берешек есебін ұйымдастырудағы негізгі қайшылық оны берешек алушылардан уақытында алу болып табылады. Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар, көрсетілген қызмет, орындалған жұмыс үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері.

...

Скачать:   txt (204.3 Kb)   pdf (515.3 Kb)   docx (360.4 Kb)  
Продолжить читать еще 51 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club