Жұмыссыздық мәселесі
Автор: KUBZHANOFF • Февраль 14, 2018 • Лекция • 834 Слов (4 Страниц) • 1,541 Просмотры
3.5 Жұмыссыздық мәселесі.
Халықты әлеуметтік қорғау.
Жоспар:
- Жұмысбастылық және жұмыссыздық
- Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі түрлері
- Әлеуметтік саясаттың көрсеткіштері
1. Жұмысбастылық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткіші. Бұл көрсеткіш елдегі мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін жұмысшылармен қызметшілердің, ауыл шаруашылығын өнімдерін өндіретін шаруалардың, фермерлердің мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарда, жеке шаруа қожалықтарында жұмыспен айналысатын адамдардың, т,б. Жалпы санын сиппаттайды. Негізгі жұмыс орны бойынша еңбек ететіндер саны бастапқы жұмыспен қамтылғандар, негізгі жұмыстан бос уақыттағы еңбекпен айналысушылар саны қосалқы жұмыспен қамтылғандар деп аталадын. Ал, елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдыратын әлеуметтік - экономикалық құбылыс жұмыссыздық деп танылады. Жұмыс күшінің немесе экономикадағы жалпы еңбек ресурстарының жұмыс істейтіндердің тұтас санына қатынасы жұмыссыздық коэффициентін құрайды.Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты уақытша, құрылымдық, циклдық болып бөліінеді.
Уакытша жұмыссыздық (фрикциондық) – бұл жұмыс күшінің объективті қажетті қозғалысымен байланысты жұмыссыздық. Өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмысшы күшінің сұрасына құрылымдық өзгерісін көрсетеді. Жаңа құрылымды жұмыс орныңда жұмыс күші құрылымы сәйкес келмейді. Осыдан өндірістердегі жұмыскерлердің бір бөлігін жұмыстан ығыстырады, бұл (жұмыс күші) құрылымдық жұмыссыздықты құрайды.
Құрылымдық жұмыссыздық деп жұмыс күші құрылымы жұмыс орны құрылымына сәйкес емес жұмыссыздықты айтады.
Жұмыссыздықты айқындалған бір түрі нарықтық шаруашылықтың ауытқу сипатына байланысты туындайтын циклдық жұмыссыздық.
Циклдық жұмыссыздық деп экономикалық тоқырау, дағдарыста көрінетін жұмыссыздық түрін айтады. Бұл – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұраныстың күрт азаюы салдарынан пфйда болатын құрылыс.
Жұмысбастылық толық болғанда жұмыссыздық деңгейі «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деп айтылады. Әлемдік тәжірибеде Оукен заңы қолданылады. Жұмыссыздық деңгейінің көтерілуі табиғи жұмыссыздықтан 1% жоғары болса, салыстырғанда ЖҰӨ 2,5% - ға төмендейді. Жұмыссыздық деңгейінің мөлшері жалпы жұмыссыз санының жұмыс күші санына пайыздық түрдегі қытынасын сипаттайды.
Жұмыссыздың мөлшері = жұмыссыздық саны.
Жұмыс күшінің саны - 100 % .
Жұмыссыздықтьщ экономикалық-әлеуметтік салдары
- Қоғамда бар болатын әлеуетті мүмкіндіктер көлемімен салыстырғандағы ЖҮӨ көлемі артта ңалып жатады.
- Халықтардың әр түрлі әлеуметтік топтарындажұмыссыздың көлемі тепе-тең бөлінбейді.
- Жоғарғы дәрежелі маман жұмысшылар жоғалады.
Еңбек нарығын мемлекеттік зерттеу үш бағытта жүзеге асады:
- Бос халықты еңбекпен қамту және көмек көрсету, еңбек биржалары арқылы қайта дайындау.
- Икемді еңбек нарығын білімге ынталандыру, әр түрлі әлеуметтік топтарын толың есептеу (әйелдер, зейнеткерлер, жастар). Еңбек қатынастарын құқықпен қамту.
- Жұмыссыздықтан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау.
- Нарықтың қатынастар алғаш орнай бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатында ең маңызды міндеттердің бірі - еңбеккерлерді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болды. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде XX ғасырдың басынаң белсенді түрде қолданыла бастаған болатын. Жұмыссыздықтан қорғау жүйесінің негізгі мақсаты - жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету. Ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай екі түрлі жүйеден тұрады:
- Өзінің ішкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады.
- Жұмыссыздыңтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады.
Жұмыссыздың бойынша қорғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады: жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономиканың тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі жұмыс берушілер есебінен болады. Жоғарыда көрсетілгендей, жұмыссыздыңтан әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарының бірі - жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек көрсету. Жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны құрудың негізгі көзі жұмыскерлердің жұмыспен қамтылған кездегі өздеріпің қаржылық аудармасы болып табылады. Олардың құрылуы мен жұмсалуы қамсыздандырудың қор жинау жүйесіне ұқсас болып келеді. Олар жұмыссыздық басқа түскен кезде «қамсыздандырулық төлем» болып саналады. Мұндай қамсыздандыру төлемі уақытша материалдық есеп қайтару ретінде кімдер алдын ала жарнама жасаса немесе олар үшін бұл жарнаманы басқалар жасаса, ол сондай-ақ, кімде-кім жұмыс істеуге ықылас білдірсе, қабілеті болса және жұмыс іздесе төленеді. Егер осы аталған факторлар болмаса, онда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы өзінің шын мәніндегі мазмұнын жоғалтады және ол төленуі тиіс емес. Егер де жұмыссыз адам өзі жұмыс істегісі келмесе, жұмыс істеуге ықыласы болмаса, онда ол өз еркімен өзінің еңбекке деген конституциялық құқығынан бас тартқаны болып саналады және осыған байланысты жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өз құқығын жоғалтады. Жұмыссыздықтан қорғаудың жүйесінде бір-біріне бағынышсыз үш түрлі қызмет бағыты бар.
...