Менің мансаптық және кәсіби өсуім
Автор: alex5546 • Октябрь 27, 2021 • Лекция • 375 Слов (2 Страниц) • 463 Просмотры
7-апта. Менің мансаптық және кәсіби өсуім.
Арманға жету үшін, ең біріншіден, мақсат қою керек деген ойдамын. Өйткені жай арманнан түк пайда жоқтығы бәріне мәлім. Және бұл барлық өмірдің с ферасына қатысты.
Менің кәсіби өсуіме ең,біріншіден,ғылым мен білім қажет. Себебі экологияның маңызы жыл сайын өсуде, қазіргі заманда табиғаттын жағдайы өте жаман,оны жақсарту үшін әр адам ықпал тигізеді, бірақ оған бағдар беретін экология саласындағы мамандар.
Қазіргі кезде кәсіби даму маңыздылығы жоғары. Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.
Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.
Адам өмір сүрген сайын жаңа тәжірбие мен жаңа білім алады барлық өмірлік саласында. Және бір кәсібте жаңа тәжірбие ала беруге болады,әсіресе экология саласында. Өйткені,технологиялық жаңалықтар экология саласына да тиесілі,мысалға; қазіргі кезде қоқыс сұрыптау немесе қайта өндіру технологиялары дамып жатыр. Әсіресе, Швеция елі осы салада қатты дамып кеткен. Осы технологиялар біздің әлемді қорғап қалуға ықпал етеді. Осы мысал менің кәсіби мансаптық мақсатым. Біздің елде осы технология болса,онда экологиялық жағдай жақсарушы еді деп ойлаймын.
...