Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің мансаптық және кәсіби өсуім

Автор:   •  Март 26, 2024  •  Эссе  •  487 Слов (2 Страниц)  •  149 Просмотры

Страница 1 из 2

№2  ӨСӨЖ

Орындаған : Лес  Фариза

Қабылдаған: Смаилова Гүлдана Сәрсенбайқызы

Факультет: Жаратылыстану және ақпараттандыру

Топ: Х-11

                                      Эссе «Менің мансаптық және кәсіби өсуім»

            Кәсіп дегеніміз -адамның таңдау жасап,болашақта өмір бойы қызмет ететін жұмысы. Өмірде кәсіп таңдаудан шатаспау керек,себебі бұл өмірлік азық. Бала күнімізден біз түрлі мамандықпен танысып ,бізге таңдау беріледі. Әр адам өз біліміне ,деңгейіне қарай мамандық таңдайды. Мамандық таңдау өмірдегі маңызды шешімдердің бірі. Себебі мамандық арқылы мансапқа,кәсіби өсуге ,мақсатқа жетуге болады.

            Менің болашақ кәсібімді таңдауға келер болсақ, маған аса қиын болған жоқ . Себебі бала күнімнен мен білім мен оқуға қызығатынмын. Бұл салада әкем жұмыс жасаған соң,бұл мамандықтың қыр-сырын бала кезімнен танитынмын. Оның түрлі қиыншылығы мен жеңісін көріп өстім. Өсе келе мені бұл мамандық өзіне баурап алды. Несімен десеңіз ,мен тоқтала кетейін . Біріншіден,мұғалім ұмытылмас адам. Білім ордасында жүретін,сыйлы болатын да осы адам. Екіншіден,басқалармен білім бөліскім келеді. Яғни басқа адамдарға өз білгенімді үйреткен ұнайды. Үшіншіден ,мұғалім үнемі ізденісте болады. Мен үшін таптырмас мамандық. Ал мансаптық және кәсіби өсу жағына келер болсам. Біріншіден ,мен оқығанды,жаңа ақпарат алғанды өте жақсы көремін. Болашақ мұғалім үшін  бұл таптырмас қасиет деп ойлаймын. Екіншіден,бұл мамандықты аса сүйіспеншілікпен таңдаған соң ,ешқандай дау болмайды деп санаймын. Себебі жақсы көретін мамандығыммен айналысқан соң,бұл салада ешқандай мәселе болмайды деп сенімді айта аламын. Үшіншіден,менде болашаққа деген көптеген мақсаттар бар. Мен үнемі ізденісте жүретін адам болған соң,бұл мамандықта тезірек өсемін деп ойлаймын. Болашақта мықты маман иесі болу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Осы мамандықты бітірген соң,тағы оқуды қарастырып отырмын. Бір орында тоқтап қалмауға тырысамын. Болашақта менде мұғалім атанып,мықты маман иелерін тәрбиелеп шығамын деген үміттемін. Мен мансаптық және кәсіби дамуым үшін көп курстарға қатысамын,жаңа білім аламын және тәжірибе жинаймын. Менің бұл мамандыққа түсуімнің өзі болашақтағы кәсіби өсуіме бір қадам. Көптеген адам мамандықтан қателесіп ,мансапқа және кәсіби өсімге жетпей қалады. Бұндай жағдай болмас үшін адам өзіне жауапкершілік алу қажет. Кәсіптік өсімге жету үшін адамның мақсаты ,жаңа қабілеті мен оларды қолдану жолдары болу қажет. Мысалы менің мансаптық және кәсіби өсуімде біреудің көмегі мен кеңесі маңызды рөл атқарады. Достарымның, ата-анам , кеңес берушілер, бизнес партнерлер және тәжірибесі бар мұғалімдер менің байланысымды арттыруға көмек береді . Сондықтан мәліметтерді жинау, тәжірибелерді бөлісу және басқа адамдардан кеңес алу  мансаптық және кәсіби өсуіме үлкен үлес қосады.

...

Скачать:   txt (5.8 Kb)   pdf (41 Kb)   docx (8.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club