Көшбасшылық және команда құру
Автор: abdu1ovaa • Октябрь 9, 2021 • Реферат • 798 Слов (4 Страниц) • 636 Просмотры
[pic 1]
АҚ «Нархоз» университеті
«Көшбасшылық және команда құру» тапсырмасы
Орындаған: Қайырова Жұлдыз
Тексерген: Алмекеева Индира
Алматы, 2020
Адамзаттың өмір сүрген кезеңінен бастап, атақты көшбасшылардың жетістігінің сыры неде екенін, олардың белгілі бір мақсатқа жету үшін қалай соңынан адамдарды ерте алатынын ұғынуға тырысады. Осындай сұрақтарға жауап беруде философтардан басқа, әлеуметтанушылар мен психологтар да атсалысты. Көшбасшылық тақырыбына анықтама беру үлкен психологиялық проблема болды. Ерікті түрде лидердің артынан еретін, оған еш күмәнсіз сенетін адамдардың тобы оған себепші еді. Заман ағымының жетегімен әлемде жаңа есімдермен қатар лидерлер дүниеге келді. Олар арттарынан бірнеше топ адамды ертумен шектелген жоқ. Бүткіл қоғам мен мәдениетке әсер етіп, «лидер» ұғымын күрделендіре түсті. Оның туа біткен қасиет не, жүре келе пайда болғаны туралы айтқан болатынбыз. Ендігі кезекте, алыптардың тәжірибесіне сүйеніп, бұл қасиеттің мәнін тереңірек зерттеуге тырысайық.
Лидер болу үшін адамның ең алдымен қызығушылығы болу керек. Яғни, жапондық кітаптағы «икигай», бұл таңертең тұрып еңбек етуге ынтанды ашатын белгілі бір мақсат пен талабың. Біздің барлығымыз неге лидер болып кете алмаймыз. Әлемде болып жатқан әрбір оқиғаға алаңдап, өз мақсатымыздан бас тартып жатамыз, немесе кейінге қалдырып еріншектіктің құлы боламыз. Нағыз лидер өз дегеніне жетпей соңына дейін күресетін тұлғалар тобы, бұл кез келгеннің қолынан келе бермейді. Көптеген адамдар қателесіп жатады, әртүрлі саланың лидері болу шынында мүмкін емес. Барлық қызығушылықтарды бір салаға бағыттап, түпкі негізді анықтау қажет. Сонда ғана жетістікке жол ашылады. Стив Джобсты әлем мойындап, лидер титулына лайықты адам санайды. Оның құпиясы неде екеніне кітапты оқу барысында көзім жетті. Техникаға деген қызығушылығы бала кезінен бойына дарып, өз талантын ақшаға айналдырды. Оның басқару стильі ерекшелігімен көзге түседі. Қол астындағы қызметкерлердің барлығы ойындағы идеясымен ашық бөлісе алады, Стив шығармашыл гений. Айналасына тек оның басқару философиясын қабылдай алатын жандарды жинады. Басқару стильіндегі кейбір қатыгездіктерінің өзі оның бизнесіне деген адалдығын көрсетеді. Әрбір жаңа жобаға позивпен, энтузиазммен қарауды басты бағдар еткен Стив техника әлеміне үлкен жаңалықтарымен тосынсый жасап отырды. Нарықты саны көп тауармен емес, сапасы мықты техникамен қамтамасыз етіп, атағын шығарды. Оған дәлелді ұлы лидердің сөзімен көрсетсек: «Біз үнемі инновацияларға назар аударамыз. Біз күрделіге емес, қарапайымға сенеміз. Біз өзіміз шығаратын өнімдердің технологиясын иемденіп, басқаруымыз керек және біз өз үлесімізді қосатын нарықтарда ғана болуымыз керек деп санаймыз.»
...