Бәсекелестік қабілет
Автор: gauharr • Сентябрь 29, 2021 • Реферат • 295 Слов (2 Страниц) • 456 Просмотры
Бәсекелестік қабілет.
«Бәсекелестік қабілет» жайлы айтудан бұрын, «Бәсеке» сөзінің мағынасын аша кетсем деп отырмын.
Жалпы «Бәсеке» дегеніміз пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі болып табылады. Осы кезде, осы тақырыпты өту барысында жәнеде тақырыптың атауын есту барысында есіме қазақстандық бір фильм түсті. Атауы : «Бәсеке». Фильм барысында басты рөлдегі екі жігіт бәсекелес болады. Оны байқаған шетелдік танымал кәсіпкер қазақстандық 2 жігітпен (Арман,Мақсат )бәстеседі, және ол бәсте тек қазақстандық өнімді пайдалану керек деп айтылады. Ал сонымен екі жігіт сол күннен бастап бәсекелес емес, дос бола бастайды. Шетелдік кәсіпкердің шартының уақыты 6 ай болады. Арман мен Мақсат сол күннен бастап тек Қазақстандық өнімдерді тұтынады. Олардың бәстегі мақсаты ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМДЕР ДЕ ШЕТЕЛДІК ӨНІМДЕРМЕН БӘСЕКЕЛЕС БОЛА АЛАТЫНЫН ДӘЛЕЛДЕУ БОЛАТЫН. Арман мен Мақсат 6 ай ішінде өз еліміздің заттарын тұтынып, өмір сүреді сонымен қатар екеуі, өз отандық өнімдерді көтеру үшін кәсіп ашады. 6 ай ішінде шетелдік кәсіпкерге отандық өнімдердің, шет ел өнімдерімен бәсекелес бола алатындығын дәлелдеп, сонымен қатар сол арқылы байып кетеді.
Ал «Бәсекелестік қабілет» жайлы айтар болсақ, бұл өзгелермен салыстырғанда ұтымды дүние ұсына алу болып табылады.
Тағы да айта кететін дүние, Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына ену үшін бәсекелестік қабілетін көрсете алуы керек.
Қоғам бар жерде бәсекелестік ортаның болары анық. Түптің түбінде елден ел, адамнан адам білімімен, іскерлік қабілетімен озатыны да дәлелдеуді қажет етпейтін дүние болып табылады.
Бәсекелестік қабілет болмаған жерде жаңашылдық пен ілгерілеушілік сонымен қатар даму да болмайды.
...