Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қабілет

Автор:   •  Май 19, 2020  •  Лекция  •  1,325 Слов (6 Страниц)  •  788 Просмотры

Страница 1 из 6

Қайырлы күн, құрметті білім алушылар! Бүгін біз психология пәні бойынша психикалық ерекшеліктердің бірімен танысамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «ҚАБІЛЕТ»

Қажетті сілтеме: http://manshuk.kz/%D0%AD%D0%BB%D0%91%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0-%B5%D0%BA%D0%B0/811.pdf  (manshuk.kz сайтындағы электроны кітапхана қоры  Ә.Алдамұратов. Психология)

                                                                       ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ:

Жоспары:

  1. Қабілет туралы жалпы түсінік
  2. Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар
  3. Шығармашылық қабілет, оның белгілері мен құрылымы

        Лекция тезисі:        

Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік таза ой еңбегі үстінде, мысалы, ғалым, жазушы, т.б. айналысатын еңбекте ғана көрініп қоймайды. Қабілеттілік дене еңбегінде де, әсіресе қызметті «жоғары» және «төмен» деп бөлмейтін, қарапайым жұмысшыны немесе ауылшаруашылық еңбеккерлерін техникалық прогресс жаңалығын табуда да көрінеді.

        Кейбір адамдарда қолайлы жағдайларда қабілет өте ерте дамиды. Әдетте, бәрінен де ертерек, музыка мен суретке деген дарындылық көрінеді. Мысалы, орыстың ұлы композиторы Глинка 3-4 жаста-ақ жез, темір, дыңылдап дауысы шығатын ыдыстарды таяқпен ұрып жағымды дыбыстар шығара білген.

        Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін-дарындылық дейді. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, оңай өзгеруі, т.б.) байланысты болады.

        Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түседі. Тарихта болсын, күнбе-күн өмірімізде болсын, мұндай мысалдар өте көп. Дарынды адамдардың қабілеті әдетте ерте ашылатынын зерттеу жұмыстары байқатып жүр. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгерді. 5-6 жаста ондай балалар өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық білетін болады. Кейде, дарынды балалардың мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де болған. Мәселен, Д.Байрон, Ч.Дарвин бала күндерінде түк білмейтін кеще саналған. Олардың  көпшілігі өз уақыттарын өлең жазып, көбелек ұстап, коллекция жинауға немесе химиялық тәжірибе жасауға сарп еткен.

        Кибернетиканың атасы Ноберт Винер 5 жасынан бастап ғылымға ден қояды, 9 жасында 18 жасар балалармен бірге оқиды, 12 жасында колледжге түсіп оқып, 14 жасында оған ғылыми атақ беріледі.

        Қандай да бір іс-әрекеттің әсіресе табысты, дербес, соны түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуы-талант деп аталады. Талант – бір әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, т.б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбексүйгіштікпен тығыз байланысты. Шығармашылық қызметтің асқан дарынды өкілдерінің барлық қуат-қабілеттерінің бірдей шарықтайтын кездері болады. Мұндайда олардың санасы барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы одан сайын арта түседі, жазатын нәрсесі мұқият әрі тез дайындалуымен қатар , іште жетіліп піседі. Бұл – адам талантының шарықтауының тамаша бір көрінісі – М. Әуезов «Абай жолынан» кейінгі үш кітабын машинкаға қолма-қол айтып  бастырған.

        Таланттылықтың жоғары сатысы – данышпандық деп аталады. Қабілеттің кең өрістілігі, іс-әрекеттің қоғам мүддесімен тығыз байланыстылығы –данышпандықтың негізгі белгісі. Данышпан адам өзі айналысқан әрекет саласында бұрын-соңды болып көрмеген жаңалық ашып отырады.

        Данышпандық – бүкіл адамзаттың игілігі үшін өлшеусіз еңбек етіп, ұлы мәселелерді шеше алатын кемеңгерлерге тән психологиялық қасиет. Ақыл-ой мен білімнің молдығы және кең өрістілігі, шығармашылығының қоғам мүддесімен тығыз байланыстылығы данышпандықтың басты белгілері. Кейбір данышпан адамдар жан-жақты таланттылығымен көзге түседі. Олардың қатарына математика, астрономия, физика, химия, әдебиет, тіл, география, т.б. ғылымдар саласында асқан қабілеттілігін көрсеткен орыс ғалымы Ломоносовты жатқызуға болады.

...

Скачать:   txt (17.3 Kb)   pdf (111.7 Kb)   docx (13.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club