Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адамдарға ықпал етудің 10 тәсілі

Автор:   •  Март 6, 2023  •  Практическая работа  •  514 Слов (3 Страниц)  •  181 Просмотры

Страница 1 из 3

Тапсырма 6. Жеке тұлғалық жұмыс

«Адамдарға ықпал етудің 10 тәсілі» тақырыбы негізінде жазбаша жұмыс

Ықпал ету – жеке тұлғаның не әлеуметтік топтың басқа адамдарға олардың көзқарастары, бағамдарына қарап, өзгеру нәтижесі мен үдерісі. Ықпал ету - адамдарға керекті, маңызды қасиеттің бірі болып табылады. Әсіресе, басшы үшін бұл өте керекті қасиеттің бірі. Ықпал ету арқылы басшы қызметкерлерін ынталандырып, олардың тек мамандық бойынша емес, жеке дамуына да себеп болады және адамдарға ықпал ету үшін, ықпал ету тәсілдерін пайдалануға болады. Олар:

  1. Жағдайды басқа адамның көз қарасымен қараңыз.

Әр жағдайдың екі жағы болады. Егер жағдайға тек өзіңіздің көзқарасыңызбен ғана емес, сол адамның орнына қойып елестетсеңіз, бұл ықпал етудің тиімді жолының бірі болады. Себебі, адамдарда интуитивті түрде өзіне жанашырлық танытқан адамға, оны түсінген адамға сенімі пайда болады.

  1. Тыңдап үйреніңіз.

Басқа адамды зейін салып, ойыңызды басқаға бөлмей, сыйластықпен тыңдау өте маңызды. Бұл арқылы, адаммен оның айтып жатқан мәселесін шешуге, онымен жақсы байланыс орнатуға және көзқарасын зерттеуге көмектеседі. Сонымен қатар, бұл басқа адамдардың сізді тыңдауына ықпал етеді.

  1. Жеке қателіктерді мойындаңыз.

Мысалы, бір адам өз компаниясын ашқан болса, оның бұл жолға қалай келгендігі, қандай қиындықтарды кешкені жайлы тек өзі ғана біледі. Ал басқа адамдар үшін, яғни сырт көзге ол мүлдем басқаша көрінеді, адамдар оны өте оңац деп есептейді. Егер де адамдар өз өткен жолын баяндап, қандай қиыншылықтар көргендігін ашып айтса, бұл басқа адамдарға үлгі болып, оларға жақсы жағынан ықпал етеді. Осылайша, адамдар өз компаниясын ашу барысында осы жағдайларды ескеретін болады.

  1. Тікелей бұйрық берудің орнына сұрақтар қойыңыз.

Көп адамдар өзіне бұйрық бергенді ұнатпайды. Басшы ондай адамдарға бұйрық бере отыра, жағдайды тек ушықтыра түседі. Егер басшы сол қызметкерге бейімделіп, оның орнына сұрақ қою арқылы, өтініш білдіру арқылы өтінсе, қызметкер де жұмсарып, өзінің маңызды жұмысшы екендігін байқап,  берілген тапсырманы еш қарсылықсыз, жағымсыз эмоцияларға берілмей орындауына ықпал етеді.

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (44.1 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club