Қабылдау үрдісінің мәні мен детерминанттар факторлары
Автор: tlespayeva_ab • Май 14, 2018 • Контрольная работа • 1,708 Слов (7 Страниц) • 1,221 Просмотры
Қабылдау үрдісінің мәні мен детерминанттар факторлары
Сыртқы әлемнің ақпаратын қабылдағаннан кейін, адам оны реттейді және өзіне ыңғайлы түрде оны ұйымдастырады. Бұл яғни, қабылданған заттар, адамдар, қарым-қатынас, іс-шаралар және құбылыстар тиісті топтарға, сыныптарға, түрге бөлінеді дегенді білдіреді. Психологияда бұл процесс «санаттау»/категоризация деп аталады.
Санаттау «оңайлату» үшін, яғни түсінікті қолжетімді ету үшін, адамдар, оқиғалар, іс-шаралар туралы ақпараты талқылау үшін көмектеседі.
Көптеген фактор арасынан ғалымдар адам қабылдау факторының 4 түрін анақтайды, олар: бірінші әсер факторы, «артықтық»/превосходства факторы, әдемілік/привлекательность факторы және сізге қарым-қатынас факторы.
1.Бірінші әсер факторы
Байланыс процесі үшін бірінші әсер факторы өте маңызды, өйткені таныстыру кезінде бірден қалыптасатын серіктес бейнесі барлық кейінгі әрекеттердің реттеушісі болады. Бірінші әсер нақты қарым-қатынаста коммуникацияны дұрыс және тиімді түрде іске қалыптасуға мүмкіндік береді.
Адамның алғашқы әсеріне үлкен әсер оның сыртқы келбеті әсер етеді. Адамның киімі көп нәрсені айта алады. Әрбір мәдениетте адамның әлеуметтік мәртебесі/орны туралы баяндайтын киім үлгісі бар (қымбат костюм немесе жұмыс киімі), кейде ол адам өміріндегі оқиғаларды білдіреді.
2. «Артықтық»/превосходства факторы
Алғашқы әсер тек бастапқы байланыс үшін негіз жасайды, бірақ тұрақты және ұзақ мерзімді байланыс үшін ол жеткіліксіз. Тұрақты қарым-қатынаста серіктестің неғұрлым терең және объективті қабылдау маңызды болады. Бұл жағдайда серіктестіктің мәртебесі анықталатын артықшылық факторы әрекет ете бастайды.
Зерттеулер бойынша, осы байланыс анықтаудың екі көзі бар, олар: - Киім, оның ішінде көзілдірік, шаш, зергерлік бұйымдар, т.б. ; - Өз-өзін ұстау мәнері (қарым-қатынас кезінде адамға қарауы, отырған күйі, жүргені, әңгіме айтуы).
Әрбір адам мінез-құлқына сәйкес басқалармен қарым-қатынас жасауда теңдікті немесе теңсіздікті анықтай алады. Мысалы, менмендік, арсыздық, өзіне деген сенімділік және т.б. бұл белгілі бір артықшылықты көрсетеді. Осылайша, киім және өз-өзін белгілері артықшылық білдірген жағдайда, ол «артықтық»/превосходства факторын білдіреді.
3. Әдемілік/привлекательность факторы
Тартымдылық немесе әдемілік белгілері көздің немесе шаш түсінің түрінен емес, оның әлеуметтік жағынын қабылдануы арқылы белгіленеді. Әр адамның бір-бірінен өзгеше сұлулығы және қоғамның мақұлданған немесе мақұлдамаған түрі бар.
Тартымдылық/әдемілік факторының ең маңызды белгісі - адамның денесі. Дененің үш негізгі түрін ажыратады: Эндоморфты (пикниктік) - толыққандылыққа бейім; Мезоморфты - мықты, бұлшықетті; Эктоморфты (астеникалық) - биік, арық, нәзік фигуралар. Адамның физикалық түрінің кейбір психологиялық ерекшеліктерімен байланысты екені дәлелденді. Осылайша, пикниктіктер әдетте көңіл көтеруге бейім, көңіл-күйі ауысатын болып келсе, спортшылар жоғары өмірлік қасиеттермен, оқиғағаларды жақсы көретін болып сипатталса, астеникалар әдетте үнсіз, тыныш болып келеді. Адамдардың қарапайым санасында бұл байланыстар қатты бекітілген. Әдемілік факторы - бұл адамның әлеуметтік мақұлданған көріністерге сай болуын айтады.
4. Сізге қарым-қатынас факторы
Бізді жақсы көретін немесе бізбен жақсы қарым-қатынас жасайтын адамдар бізге жаман қарайтын адамдарға қарағанда әлдеқайда жақсы көрінеді. Бізге деген қарым-қатынас факторы өзара келіспеушілікте немесе антипатияда, бізбен келісуде немесе келіспеушілікте көрінеді. Байланыс тәжірибесінде көптеген келісушіліктің белгілері бар, олар:басын июуі, дұрыс жерлерде күлуі немесес күлімсіреуі және тағы басқалары жатады.
Мәдениет және қабылдау
Қабылдау адамның айналасындағы мәдени және табиғи ортаға белсенді араласуы арқылы қалыптасады және гендерлік, тәжірибе, тәрбиелеу, білім беру, қажеттіліктер және т.б. сияқты факторларға байланысты.
...