Қазіргі уақытта жарнаманың қай түрін пайдаланған тиімдірек
Автор: kuanish.duisenov • Апрель 19, 2020 • Эссе • 1,106 Слов (5 Страниц) • 446 Просмотры
Эссе
Аты-жөні: Дүйсенов Қуанышбек
Мамандығы: Маркетинг
Курсы: 1
Тобы: 141
Күні: 2.05.2017
Сөз саны: 716
Қазіргі уақытта жарнаманың қай түрін пайдаланған тиімдірек?
Кіріспе
Нарықтағы сауданың қозғалтқышы – жарнама. Нарықтың өзі өндірушілер мен тұтынушылардан тұрады, сол себепті де жарнама өндірушілер үшін аса маңызды. Жарнама тауарды бренд ретінде қалыптасуына, нарықтағы өз орнын табуға, әрі тауардың сатылым көлемінің көбеюіне тікелей әсер етеді. Себебі жарнама арқылы тікелей адамның психологиясына әсер етеді. Яғни адамдарды сендіре алу осы «Жарнама қозғалтқышына» байланысты. Соған орай кәсіпкерлердің өз тауарын жарнамалау қажеттілігі туындайды. Жарнаманы жариялаудың негізгі таралуы бойынша үш түрі бар. Алғашқы түрі көшедегі жарнамалар, яғни көптеген билбордтар, ілініп тұрушы парақ беттері. Келесі кең таралған түрі БАҚ-құралдарындағы жарнамалар. Әрине БАҚ құралдарыдағы жаранамар кең таралғанымен, көрермен көзайымына айнала бермейді. Жарнаманың үшінші бір түрі әлеуметтік желілердегі ақпарат көздері. Бұл жарнамалардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Ғалымдар осы үшеуінің де артықшылықтарын атап өткен еді [1;2;3;4;5;6;7]. Бірақта сол жарнаманың қайсысы нақты қазіргі уақытта тиімдірек екендігі анықталмады. Тауар өндірушілердің немесе кәсіп бастаушылар үшін, ісін алға бастыру қай жарнама түрі тиімдірек?
Әдебиеттерге шолу:
Күнделікті көшедегі жарнаманың тиімділігін, оның сатылым көлемінің артуына әсер етуінде деп айтады [1;7]. Көшедегі үлкен билбордтар, жарнамалық постерлер, көше афишалары, мұның барлығы көшедегі жарнаманың құрылымдық элеметтері. Олар тұтынушылардың көздік жадысында сақталынып қалады. Оның сол көшеде жарнамаланған тауарға көңіл бөледі. Мысалға, Нью-Йорктегі Таймс-Сквер көшесіндегі жарнамаланған тауардың сатылым көлемі басқалардан артығырақ екендігі айтылды [1;7]. Сондықтан да көшедегі жарнаманың тиімділігі сатылу көлеміне әсер етеді деген пікір қалыптасты.
Ал БАҚ-құралдарындағы жарнаманың рөлін тұтынушы таңдауына тікелей әсер етуінен деген пікірлер оның тиімділігін көрсетті [2]. Бұл пікір бойынша теледидар, радио, газет және журналдарда жарияланатын жарнама ұсынылып отырған тауар мен тұтынушылар арасындағы позититвті коммуникациялық байланыс орнатады. Себебі потенциалды тұтынушы демалыс уақытында БАҚ-құралдарына көңіл бөледі. Сол арқылы ол демалыс пен тауардың жарнамасын байланыстырады [2;3]. Осылайша позититвті коммуникациялық байланыс орнау арқылы БАҚ-құралындағы жарнама тұтынушы таңдауына тікелей әсер ететіндігі айтылды [2;3].
Дегенмен, қазіргі қоғамда ғаламтордың үлкен ауқымда таралуына байланысты ондағы жарнаманың тиімділігі жайлы пікірлер ұсынылды [4;5;6]. SMM және SEO мамандары мақсатты аудиторияны анықтап, оларға аз уақытта жарнаманы ұсына алады [6]. Бұл дегеніміз тұтынушы тікелей өзінің сұранысын қанағаттандыру мақсатында өзіне қажетті тауарды жылдам таба алуын көрсетеді. Мұны әлемдік әлеуметтік желілер Facebook, Vkontakte және Youtube видеохостингінің тәжірибесінен көруге болады [4;5;6]. Демек, осындай үлкен ауқымдағы басымдылықпен ғаламтор жарнамасының тиімділігін көреміз.
Гипотеза: Егерде өндірушілер мен кәсіпкерлер өздерінің тауарының сатылым көлемін көбейтіп, едәуір пайда табуды мақсат тұтса, онда үлкен ауқымдағы ғаламтор жарнамасын тиімді деп санауға болады.
Зерттеу әдісі:
Болжамды тексеру мақсатында БАҚ-құралдары, ғаламтор немесе көше жарнамалары жайлы анкета түзіліп, респондеттерден сауалнама жүргізіліп, «Surveymonkey» сайты арқылы сауалнама алынды. Зерттеу барысында 80 респонденттен алынған ақпарат R-программасына салынды. Сол арқылы логикалық модель құрылып, жарнаманың негізгі үш түрі, яғни БАҚ-құралдары, көше жарнамасы және ғаламтор жарнамасы әсер етуші фактор деп қарастырылды. Осылайша зерттеу жұмысы барысында сауалнама алу мен оны арнайы бағдарлама арқылы талдау нәтижесін берді.
...