Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Геолог – барлық уақыттағы мамандық

Автор:   •  Апрель 2, 2024  •  Эссе  •  391 Слов (2 Страниц)  •  125 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе

Геолог – барлық уақыттағы мамандық

Біздің Қазақстанның жер қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығын да табуға болады. Сондықтан да, бізде әлі барлануы тиіс жерлер көп.

 Жер қойнауында қапталған көмбені тауып, жаңалық ашу, олардың қандай тереңдікте жатқанын, көлемін анықтау, бір сөзбен айтқанда, кен өндіруге қатысты ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерттеу -  дәл осы бүгінгі маманның иегері, геологтың ісі. Сондықтан геолог барлық уақытта қажет болатын деп мамандық деп ойлаймын.

Геолог -   қиын әрі қызықты мамандық. Геолог мамандығы әлі күнге дейін Қазақстанда, жалпы айтқанда, барша әлемде сұранысқа ие. Бірақ та геолог мамандары Қазақстанда өте аз деуге болады. Себебі, жастар мұндай мамандықтарға көп қызыға бермейді.

Қазіргі уақытта Қазақстан геологтары жерімізден мол пайдалы қазбалар, шикізат тауып отыр. Бұған еңбек сіңірген - қазақ халқының бүгіні мен болашағының мақтанышы да, қызметшісі де болып тарих төрінен орын алған біртуар тұлғалардың бірегейі - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Оның адам ретіндегі қасиет-болмысы парасаттылық пен кемелдіктің үлгісіндей болып ұрпақ жадында сақталса, ол тындырған ұлан-ғайыр істер Қазақстанды тарихи дамудың жаңа сапалы белесіне шығарып, ғылымы мен экономикасының тұғырын бекемдеп берді. Осыдан геолог мамандығы қандай жауапты әрі қиын мамандық екенін көруге болады.

     Қазіргі кезде геолог болып қызмет атқару- өте абыройлы іс. Күні кеше болған Түркия мен Сирия елдерінде болған күшті жер сілкінісі мен дүмпулер мемлекетке көп зардабын тигізді. Жер сілкінісінің барысында көптеген адамдар қаза болды, ғимараттар, үйлер қирады. Адамдарда үрей пайда бола бастады. Сондықтан жер сілкінісі геологиялық құбылысқа жататындықтан  жер қойнауынан  басталады. Оны  алдын алу үшін  оны зерттеп, хабар беретін геолог мамандар өте қажет.

    Менің ойымша, қазіргі кезде мемлекеттің экономикалық сұранысын дамыту үшін геология саласын дамыту керек. Себебі, әлі де болса ашылмаған кен орындар  көп. «Орман мен су – табиғаттың сұлулығы», - деп бекер айтпаған халқымыз. Сондықтан табиғатымызды сұлу күйінде сақтап қаламыз десек, геолог мамандығына деген қызығушылықты  ояту керекпіз. Қазір еліміз бойынша санаулы оқу орындары ғана геологтарды дайындайды. Оның өзінде көпшілігі  -колледждер. Жоғары білімді кәсіби маман даярлау ісі мемлекет тарапынан қолға алыну қажет.

...

Скачать:   txt (5.2 Kb)   pdf (54.6 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club