Бос уақыт пен жұмыстан тыс уақыттың ерекшеліктері
Автор: trsnbva • Апрель 26, 2023 • Эссе • 447 Слов (2 Страниц) • 426 Просмотры
Эссе тақырыбы:Бос уақыт пен жұмыстан тыс уақыттың ерекшеліктері
Қабылдаушы: Асан Д.
Тобы: ХІТ 20-06
Орындаушы: Турсинбаева Мереке
Бос уақыт- бұл адамның физикалық және рухани күштерін қайтадан қалпына келтіру, және ол күштерді жан-жақты дамыту үшін жұмсалатын уақыт. Егерда қысқаша айтатын болсақ, адам баласының белсенді іс-әрекетке жұмсаған уақыты болып саналады. Яғни, қазіргі кезде оны – демалыс деп атайды.
Демалыс адамдардың жұмысқа деген құлшынысын оятады, жұмыс істеу қабілетін арттырады. Психологиясына және жүйке жүйесіне тиген зақымдардың орнын толтыруға жәрдем береді.
Бос уақытты анықтау төрт негізгі топқа бөлінеді:
1. Бос уақыт мәдениет пен интеллекттің жоғары деңгейімен байланысты ойлау ретінде, яғни бұл ақыл мен жанның күйі.
2. Бос уақыт іс - әрекет ретінде - әдетте жұмыспен байланысты емес қызмет ретінде сипатталады.
3. Бос уақыт - бұл таңдау уақыты. Бұл уақытты әртүрлі тәсілдермен пайдалануға болады және оны жұмысқа байланысты немесе онымен байланысты емес әрекеттер үшін пайдалануға болады. Бос уақыт адам өзінің міндеті емес нәрсемен айналысатын уақыт ретінде қарастырылады.
4. Бос уақыт алдыңғы үш тұжырымдаманы біріктіреді, "жұмыс" пен "жұмыс емес" арасындағы сызықты жояды және адамның мінез-құлқын сипаттайтын бос уақытты бағалайды.
Ғылыми жұмыстарда осы түсінікпен қатар рекреация, рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық процесс сияқты терминдер бірге қолданылады.Олар өздерінің тұрып жатқан жерінен тыс жерге адамның уақытша кетуімен айқындалады және т.б. ресурстарды иеленетін арнайы жерлерді және материалдарды - техникалық базаларды қажет етеді.
Рекреация түсінігі осындай сипаттағы таңдаулы өмірлі іс-әрекетінің мазмұнын толық және анық көрсетеді.
Рекреациялық желі – қандай да болмасын аумақта немесе тұтастай ел аумағында орналасқан рекреациялық мекемелер жиынтығы. Олардың ішіне емдеу- сауықтырушылық, спорттық және танушылық туризм кіреді.
Барлығына белгілі, көбіне дамыған сала бөлігіне емдеу-сауықтырушылық демалудың мекемелері жатады. Оның ішіне: шипажай, пансионаттар, демалу үйлері, демалу базалары кіреді.
Шипажайлы - курорттық мекемелер негізінен 3 зонаға бөлінеді:
- Емдік.
- Шаруашылық.
- Селитебтік.
Ең үлкен зона болып емдік зонасы болып табылады. Бұл зонада жатын орындар және емдеу корпусы, қысқы және жазғы спорттық кешендер, тамақтану орны, яғни асхана, бос уақытты өткізетін аумақтар және шипажайлық парктер орналасады.
...