Стратегия
Автор: Akosh • Декабрь 7, 2018 • Доклад • 754 Слов (4 Страниц) • 409 Просмотры
Стратегия жалпы алғанда фирманың нарықтағы позициясын нығайтуға, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған басқару жоспары болып табылады. Басқарушылар компанияның қай бағытта дамитынын анықтау үшін, оның әрекет етуі барысында негізделген дұрыс шешімдер қабылдау үшін стратегия жасайды. Басқару жоспары фирманың барлық негізгі қызметтері мен бөлімшелерін қамтиды: жабдықтау, өндіріс, қаржы, маркетинг, мамандар, ғылыми зерттеулер және әзірлеулер, осылардың әрқайсысының фирма стратегиясында өз рөлі бар. Стратегиялық таңдау жасау дегеніміз бүкіл компания бойынша жинақталған бизнес – шешімдер мен бәсекеге қабілетті әрекеттерді бір ортақ жүеліге келтіру.
Стратегия әзірлеу менежменттің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Стратегиялық менежменттің бес міндеті:
1. әрекет ету сферасын айқындау және дамудың стратегиялық бағыттарын қалыптастыру:
2. стратегиялық мақсаттарды және соларға қол жеткізетін міндеттерді алға қою:
3. қойылған мақсаттармен өндірістік әрекет нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған стратегияны қалыптастыру:
4. стратегиялық жоспарды жүзеге асыру:
5. әрекет нәтижелерін бағалау және қажет болған жағдайда стратегиялық жоспардың немесе оны жүзеге асыру әдістерін өзгерту.
Фирманың миссиясын анықтай отырып менеджер компанияның әрекет ету сферасын анықтайды. Менеджер фирманың немен айналысатынын, яғни әрекет ету сферасын стратегиялық тұрғыда ойластырып оның ұзақ мерзімді даму концепциясымен үйлестірілуі қажет.
Нақты мақсаттарды анықтау жалпы миссияны анықтаудан жетістікке қол жеткізуге көмектесетін жекелеген жұмыс жоспарларына көшуге көмектеседі. Жоспарланған мақсаттар қысқа және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді мақсаттар күтілген нәтижеге тез арада қол жеткізуге бағытталса, ұзақ мерзімді мақсаттар ұзақ мерзімді перспективада жұмыс көрсеткіштерін жақсарту және жағдайды нығайту үшін қазір не істеу қажеттілігін ойлануға мәжбүр етеді.
Мақсаттар қаржылық және стратегиялық болып екі типке бөлінеді. Қаржылық мақсаттар (пайда көлемі, инвестиция қайтарымы, нақтылы ақша ағымы, займдар мен дивиденттер мөлшері сияқты көрсеткіштердің артуы) міндетті себебі қаржы жетіспеген жағдайда компанияның өсуіне және өркендеуіне қажетті ресурстар болмай қалады. Стратегиялық мақсаттар (анағұрлым жоғары өсу қарқынын қамтамасыз ету, нарықтағы үлесін арттыруға, өнімдермен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шығындардың төмен деңгейіне қол жеткізу, фирманың репутациясын жақсарту) компанияның нарықтағы бәсекелік позицияларын нығайтуға бағытталған.
Мақсат – бұл күтілген нәтиже, ал стратегия – соған қол жеткізу. Стратегияны анықтау үшін фирманың ішкі жағдайын және сыртқы факторларын мұқият зерттеу қажет. Стратегия , әдетте , алдын-ала ойластырылған мақсатқа бағытталған әрекеттерден және күтпеген жағдайлар мен күшейген бәсекелестік күреске реакциядан тұрады. Нарықтағы жағдай үнемі өзгеріп отырады, технологиялар саласындағы жаңалықтар, бәсекелестердің нарыққа жаңа тауарды сәтті шығаруы, жаңа мемлекеттік саясат немесе регломентация қандайда бір саладағы сатып алушылар мүдделерінің кеңеюі және т.с.с. , яғни барлық стратегиялық әрекеттерді алдын-ала, ешбір өзгеріссіз болжау мүмкін емес.
...