Өндірістік тәжірибе өту туралы ТОО «Simetri Construction»
Автор: alty006nay • Июнь 7, 2025 • Отчет по практике • 2,932 Слов (12 Страниц) • 48 Просмотры
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
[pic 1]
Өндірістік тәжірибе өту туралы
ЕСЕП
ТОО «SIMETRI CONSTRUCTION»
Город Астана, район Алматы, ул. Иманова, д.12, оф. 1012Е
Есеп және талдау мамандығы
Экономика факультетті
2 курс
Дүйсен Алтынай Асхатқызы
ТОО «SIMETRI CONSTRUCTION» тағайындалған тәжірибе жетекшісі:
Тургут Алпер
Астана қ. 2025 ж
Мазмұны
Компания жайлы қысқаша ақпарат
- ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.Ұйымның шарушылық қызметі және есеп саясатымен танысу
2. БУХАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ДАЙЫНДАУ
Тақырып-1 ТОО «SIMETRI CONSTRUCTION»-ның негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі
Тақырып -2 ТОО «SIMETRI CONSTRUCTION»- ның міндеттемелер есебі
Тақырып-3 ТОО «SIMETRI CONSTRUCTION»- ның меншікті капитал есебі
Тақырып-4 ТОО «SIMETRI CONSTRUCTION»- ның қаржылық есептілігін ұсыну
3 ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП ДАЙЫНДАУ
Қорытынды
Компания туралы қысқаша ақпарат
ТОО “SIMETRI CONSTRUCTION” (СИМЕТРИ КОНСТРАКШН) компаниясы 2009 жылдың 6 ақпанында тіркелген.
Тіркеу кезінде компанияға БСН (Бизнес-сәйкестендіру нөмірі) 090240005415 берілген.
Компанияның негізгі қызмет түрі – тұрғын үйлердің құрылысы (ОКЭД 41201).
Компанияның заңды мекенжайы:
010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Иманов көшесі, 19-үй, 1012Е-офис.
Компания басшысы – Тургут Алпер.
1.ЖАЛПЫ БӨЛІМІ
1. Тақырып Ұйымның шарушылық қызметі және есеп саясатымен танысу
ТОО «SIMETRI CONSTRUCTION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (будан әрі-серіктестік) өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік колқдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзінің құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады.
Серіктестік жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны жылына орта есеппен 60000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.
Серіктестік алғаш рет Астана қаласының 06.02.2009 жылы тіркелді БСН (Бизнес-сәйкестендіру нөмірі) 090240005415 берілген. Қатысушылар құрамын өзгерту серіктестікті қайта тіркеуге негіз болады.
Қызметтің мақсаты мен түрлері
Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болып табылады.
Аталган мақсатка қол жеткізу үшін серіктестік келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- құрылыс-монтажды жумыстар;
- жалпы коммерциялық және делдалдық қызмет;
- сауда-сатып алу, сауда-делдалдық қызмет;
- шетелдік фирмаларды тарта отырып, экспорттық-импорттық операцияларды, өкілдік, коммерциялық-делдалдық қызметтерді жүзеге
асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы
экономикалық қызметті жүзеге асыру;
-өз өнімдерін ( акцизделетін тауарларды қоспағанда), оның ішінде технологияларды, "ноу-хауды", патенттерді өндіру, сақтау және өткізу;
- халық тұтынатын тауарларды, шаруашылық, тұрмыстық мақсаттағы тауарларды және өнеркәсіптік тауарларды өндіру, сатып алу және сату, киім тігу және басқа да бұйымдар;
-Қазақстан Республикасында және шетелде мүліктің кез келген түрін сатып алу және иеліктен шығару, құрылыс салушы немесе жалға алушы құқығымен жер учаскелерін алу, сондай-ақ құрылыстарды немесе жекелеген үй-жайларды салу, жалга алу;
- жөндеу-құрылыс, құрылыс-монтаж, іске қосу-реттеу жұмыстарын жургізу;
- өз өнімдерін, сондай-ақ коммерциялық сауданы сату үшін фирмалық дүкендер желісін құру;
- қоғамдық тамактану пункттерін (кафе, барлар, мейрамханалар, асханалар, дәмханалар және т. б.), шағын және супермаркеттерді ашу және пайдалану;
...