Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Созақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы

Автор:   •  Апрель 12, 2024  •  Отчет по практике  •  6,499 Слов (26 Страниц)  •  117 Просмотры

Страница 1 из 26

      Мазмұны:

Кіріспе        2

МЕКЕМЕДЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ        4

Негізгі құралдардың есебі        8

      «Созақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы»-ның қаржылық  

       қызметін талдау          13

Еңбек ақы есебі        16

Қорытынды        23

Кіріспе

          Бүгінгі таңда егеменді Қазақстаның нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады.                                                                                                                              

          Мен Көпей Айжан Бақытжанқызы 29.05.2023-16.06.2023жж. аралығында 3 - курстағы өндірістік тəжірибемді – Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Айтеке би көшесі, №-50 офисте орналасқан «Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Созақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ»-нде өттім.  Өндірістік тəжірибемді Гумар.Н.А. жетекшімнің бақылауымен өттім. Өндірістік                                     практика         шеңберінде        мен         «Созақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нде         бухгалтериябойынша                                        тағылымдамадан өтуші ретінде өз міндеттерімді орындадым. Бұл практикалық жұмысымды  атқарғанда осы мекеменің барлық іс қағаздарымен,соның ішінде бухгалтерлік жазбаларымен сондай-ақ ұйымдық құрылымымен, жалпы қаржылық жағдайымен танысып өткіздім.

        Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік орталықтары "халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жұмыс істейді. Жұмыспен қамту орталықтарын 2011 жылы аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, Алматы және Астана қалаларында жергілікті атқарушы органдар құрды. Қазақстанда 200 халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді.

              Жұмыспен қамту орталықтары жұмысының басты мақсаты-азаматтар мен                                                                  

       жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға

       жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік

       қорғауды ұйымдастыру.  Халықты жұмыспен қамту орталықтары халыққа және

       жұмыс берушілерге қызмет көрсетеді. Барлық қызметтер тегін ұсынылады.

       Жұмыспен қамту орталықтарында арнайы дайындалған қызметкерлер жұмыс

       істейді және бірыңғай жұмыс стандарттары қолданылады.

              Іс-тәжірибе мақсаты: теоретикалық білімді ары қарай тереңдетіп, бекіту,

       қаржылық – экономикалық талдау аймағында қажетті іс-тәжірибелік  дағды  

       мен іскерліктерге ие болу, есептік – аналитикалық жұмыстардың  

       автоматтандырылуының бағдарламалық  тәсілдерін пайдалану, мекеме

       жұмысының  нәтижелерін объективті бағалау, шаруашылық етудің

       тиімділігінің ары қарай  өсу резервын анықтау, ұсынылған  тауар, жұмыс және

       қызметке деген  сұранысты толығымен қанағаттандыру жолдарын іздеу.

             Іс-тәжірибенің негізгі  міндеттері мыналар болып табылады:

       Мекемемен, оның құрылымымен, өнімнің технологиясымен, өндірістік және  

       басқарушылық бөлімшелердің негізгі қызметтерімен танысу;

Мекемедегі есептік жұмыс іс-тәжірибесін, басқару құралының құрылымын, есептеу мен талдаудың қолданылатын тәсілдерінің автоматтандырылуы, қаржылық құжатнамалар мен құжат айналымының сызбасы құрамы мен мазмұнын зерттеу;

Есептеу мен талдау ұйымының сыни талдауы, олардың ары қарай толық жетілуіне ұсыныстар енгізу;

      Тəжірибе барысында менің оқудан алған теориялық білімім нақты бухгалтерлік есептерде қолдануға көмектеседі деп ойлаймын. Бұл маған бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттарын практикалық жұмыста қалай қолдану керектігін жақсы түсінуге көмектеседі.

...

Скачать:   txt (74.4 Kb)   pdf (184.3 Kb)   docx (41.5 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club