Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лука Пачоли жіне оның бухгалтерлік есептің дамуына қосқан үлесі

Автор:   •  Октябрь 2, 2018  •  Статья  •  359 Слов (2 Страниц)  •  2,036 Просмотры

Страница 1 из 2

Лука Пачоли жіне оның бухгалтерлік есептің дамуына қосқан үлесі

Фра Лука Бартоломео де Пачоли - қазіргі заманғы бухгалтерия қағидатының негізін қалағандардың бірі, итальяндық математик. Пачоли шамамен 1445 жылы Борго-Сан-Сеполькро атты Тосқан мен Умбрия шекарасында орналасқан қалашықта туылған. Жас кезінде танымал суретшінің қолында оқыған, ол жерде танымал ғалым, суретші Леон Батиста Альбертидің көзіне түскен. 1517 жылы 19 маусымда дүниеден озған.

1493 жылы өзінің30 жыл бойы жазған ең алғашқы «Арифметика сомасы, геометрия, пропорция мен олардың қатынасы туралы оқу»  еңбегін аяқтап, 1494 жылы Венецияда жарық көрді.Ол 2 тараудан тұрды:1-сі арифметика мен алгебра туралы, 2-сі геометрия туралы. Тараулар бөлімдерден, бөлімдер трактаттарды құрады. Қазіргі кезде 1494 жылдағы басылымнан 7 данасы ғана сақталған.

Бухгалтерлік есеп туралы Лука Пачоли өзінің «Арифметика сомасы, геометрия, пропорция мен олардың қатынасы туралы оқу»  еңбегіндегі, 1-ші тараудың 9-шы бөліміндегі «Шоттар мен жазбалар туралы» 11-ші трактатында жазған.

«Шоттар мен жазбалар туралы» трактаты қазіргі кәсіпкерлік ұйымдардың экономикалық әрекеттерінің негізін ашты. Пачоли осы еңбегінде қос бухгалтерияның маңызды байланысы – екі нысанды көздеп көрсетті:

  1. Жасалған іс туралы ақпарат алу, есепті дұрыс жүргізу үшін, міндеттемелер мен қарыздар туралы ақпараттарды кешіктірмей алу керек;
  2. Қаржылық нәтижені анықтау , өйткені «әрбір көпес өзінің күнкөрісін қамтамасыздандырып, пайда табуды көздейді»;

Бухгалтерлік есептің алдында тұрған екі нысан да, шоттар мен екі жақты есеп арқылы жүзеге асады.

...

Скачать:   txt (5.2 Kb)   pdf (116.1 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club