Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Екі жақты бухгалтерияның пайда болуы

Автор:   •  Апрель 18, 2018  •  Реферат  •  3,385 Слов (14 Страниц)  •  1,266 Просмотры

Страница 1 из 14

Мазмұны

Кіріспе …………………………………………………………………………...2

1.Екі жақты бухгалтерияның пайда болуы...............…………………………..3

2.Италия мен Франция елдерінде екі жақты бухгалтерияны тарату.....................................................................................................................10

3.Бухгалтерлік есептің техникасы …..........................................………….…...13

Қортынды………………………………………………………………………...14

Пайдаланылған әдебиеттер тізім................................................…………….....15

Кіріспе

Американың ашылуы орта ғасырдың аяғын білдірді. Жаңа ұлы уақыт келді. Бухгалтерлік есепке дегенде бұл ортағасыр мен ұлы ғылым революциясынан өткен, Рим империясының ескі салт-дәстүрлерінің логикалық жалғасы – Екіжақты бухгалтерияның тууы болды. Төңкеріс бірден Американың ашылуынан кейін болды. Лука Пачоли 1492 жылы Екіжақты бухгалтерияның ережелерін  баяндаған «Арифметика мен геометрияның Екіжақты жазу, пропорция мен қатынас туралы оқу» кітабын шығарды. Дегенмен Екіжақты бухгалтерия бұрын пайда болып, ал Пачоли оны тек қана сипаттағанына қарамастан, дәл сол кітаптың шығуы диграфизмді  жалпыға бірдей игілік, қаржылық нәтижелерін есептеудің ұлы құралын жасады. Экономикалық өмірге әртүрлі тәсілдермен өлшеуге болатын абстрактілі санат келді. Адамдар өткеннің барлық мәнін түсінгенше көптеген ондаған жылдар өтеді. Және тек ХХ ғасырдың басында ескіге айналып жатқан  жаңа уақыттың  нәтижесін қорытындылай келе,  неміс философы және мәдениеттанушы Освальд Шпенглер бұл өткен дәуірде еуропалық өркениетті жасаған үш ұлы адамдарды бөледі: Колумб, Коперник және Пачоли. Олар әлемді өзгертті.

Тақырыптың өзектілігі: Бухгалтериясыз экономикалық өрлеу мүмкін емес болар еді. Шоттар өте бұрын қалыптасқан. Олар бастапқы өлшеуіште жүргізілді, яғни материалдық құндылықтар – заттай бірліктерде, есеп айырысу және касса –ақшалай. Біреуі екіншісіне итермеленген жоқ. Шаруашылықтың нәтижесі жаңама категориялармен емес, байлықтың өсуімен білдірілді.

Мақсаты: Батыс Еуропада XVIII-XIX ғғ.  Екіжақты бухгалтерияның тарауын зерделеу.

Зерттеудің пәні – Батыс Еуропада XVIII-XIX ғғ.  Екіжақты бухгалтерияның тарауы

Зерттеу объектісі – бухгалтерлік есепке алу.

1.Екіжақты бухгалтерияның пайда болуы.

Екіжақты бухгалтерияның пайда болуына ақша өлшеуішін еңгізу себеп болды. Бұл шаруашылықтың кейбір фактілерінің өздігінен екі рет көрсетілуімен байланысты болды. Тауарлар сатылды, құндылықтар есептен шығарылады, ал ақшаны кіріске алды. Қарапайым бухгалтерияда басында құндылықтар затай өлшемде есептен шығарылған, ал ақша құнмен. Бірақ тауарлар есепте ақшалай өлшемде болғанда, бухгалтерия Екіжақты дерлік болды. Бірақ ол бухгалтерияға меншікті шотты енгізгеннен кейін ғана толық диаграфилық болды, ал материалдық шоттары ақшалай бағалауды алды, щаруашылық өмірдің барлық фактілері Екіжақты болып көрсетілді.

Екіжақты бухгалтерияның XIII ғасырдан ертерек пайда болмағанының көптеген себептері бар. Біріншіден, ақша сирек кездесті; екіншіден, – ақшаның барлық функцияларынан төлем құралы функциясы үстемдік жасады, ақша өндіріп алу және жарна үшін қажет болды, демек, шаруашылық процесстер есебі заттай емес, ақшалай негізде жүргізілді; үшіншіден, пайда тиісті түрде тануды алмады, көпес қаржы санаттарына қарағанда  тұтынушылық операцияларын көп жасады. Бұл тек қана біраз себептер, бірақ бұдан да басқа мән-жайлар орын алды. Мысалы, ақшалай айналымның банкте және саудада дамуы сөзсіз бар мүліктің ақшалай өлшеуін есепке алуға әкеледі.

Қалай болғанда да, римдік бухгалтерияның бастапқы идеялары  кейінгі орта ғасырларға дейін жетті. Және кем дегенде,  сол кездегі ірі шаруашылықтар бойынша  журнал және бас кітаптар жүргізілді.  Міне, бір күні, барлық мүлік ақшалай өлшенетін болғанда, әлдебір бухгалтер Бас кітапта бірінші болып ешкімге белгісіз  меншікті қаражат  шотын енгізді және көп уақыт бойы бұл капиталдың шоты болды.

Шаруашылық өмірдің  көптеген факторлары  Екіжақты сипатқа ие болды: жеткізушілерден тауарлар келді,  тауарлар  сатылды және т. б. Бірақ біржақты фактілер де болды. Мысалы, тауарларды ұрлап әкетті, пара берді – мында шот жазбалар болды, бірақ оған деген  шот болған жоқ. Осы жағдайлар үшін бухгалтер Бас кітапта есте сақтауға оңай болу үшін және әрі қарай мұндай соммаларды бақылау үшін бөлек беттер қалдырып отырды. Бұл дебеттік және кредиттік айналымдарын «теңестіруінің» логикалық қажеттілігіне әкелетін тек қана  процедуралық әдіс. XVIII ғасырдың соңында кейбір бухгалтерлар үшін Екіжақты жазбаның артында белгілі бір мазмұн болғаны күтпеген жағымды жаңалық болды.

...

Скачать:   txt (48.4 Kb)   pdf (298.3 Kb)   docx (33.5 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club