Аудит пен тексеріс туралы жалпы түсінік
Автор: idaras • Февраль 27, 2023 • Реферат • 1,325 Слов (6 Страниц) • 208 Просмотры
ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY
[pic 1]
«СӨЖ №6»
Реферат: Аудит пен тексеріс туралы жалпы түсінік.
Орындаған(a) Буйлук Валера ВТ-202С
Тексерген жетекші: Мұхаметжан Жарас Төлеутайұлы
Семей 2022-2023г
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады.Әміршілдік-әкімшілік жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан-таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырды. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылымитехникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтікэкономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде.Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр. Бухгалтерлік есепті реформалау және аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВК),
Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша Америка агенттігінің (ЮСА ИД), Еуропалық одақтың (ЕО) және Британдық кеңестің белсенді қатысуымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын-американдық үлгісі негіз етіп алынды.Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституция, Азаматтық кодекс, Бюджет кодексі, Салық кодексі, «Банкрот туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шетелдік инвестициялар туралы», «Ақша аударымдары мен төлемдері туралы» заңдардың және компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді. Сонымен бірге ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындагы мүдделердің қатыспауы, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда болатын басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір бизнес саласындағы қалыптасқан жағдайға тиянақты аудит жүргізуді талап етеді.
Микро деңгейдегі бизнесте қабылданатын шешімнің сапасы алынған ақпараттың шындыққа жанасымдылығы мен оның талдамалық негізінің тереңдігіне тікелей байланысты болатыны іс жүзінде дәлелденген. Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудит жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі 5 мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңташы ұйымдастыруга ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен кателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді. Бизнестің тиімділігін талдау мен кәсіби аудиттің жеткілікті дәрежеде әзірленбеу мәселесі оның біршама дайын нұсқасын нақтылауды ғана емес, сондай-ақ белгілі бір экономика секторының әр түрлі салаларындағы дағдарыс жиілігінде, нарық коньюнктурасы өзгергенде және бәсеке деңгейінің болжап білуге болмайтын өзгеше жағдайларында оны ұйымдастырудың принциптік жаңа тәсілдемелерін әзірлеуді де талап етеді. Мұның бәрі ұсынылып отырған оқулықтың мақсатын, құрылымын және мазмұнын анықтауға мүмкіндік берді.
...