Компьютерлік клуб ашу
Автор: Nursatkair • Апрель 25, 2025 • Реферат • 1,674 Слов (7 Страниц) • 152 Просмотры
БИЗНЕС-ЖОБА
Тақырыбы: Компьютерлік клуб ашу
Жобаның атауы
ЖОБАНЫҢ ТҮЙІНДЕМЕСІ
Аты – жөні: | |
Байланыс деректері: | 8(7....) |
Инвестициялық жобаның мақсаты: | Жылдамдылығы жоғары интернеті бар компьютерлік клуб ашу |
Өнімділігі: | Бір кіргенде 10 адамнан |
Өнімі: | Компьютерлік қызметтер |
Валюта | Теңге |
Жобаның жалпы сомасы, мың теңге: | 206 млн теңге |
Жобаның тұжырымдамасы
Бұл бизнес – жоба тұжырымдамасы: ақылы компьютерлік қызметтерді ұсынатын балалар мен ересектерге арналған компьютерлік клуб ашу.
Кәсіпорынды сипаттау
Бір кіргенде 10 адамға дейін сиятын, келушілердің кіру бағасы 200 теңге болатын жылдамдылығы жоғары Интернеті бар компьютерлік клуб ашу жоспарлануда. Бизнесті жүргізу түрі-жеңілдетілген салық төлеу түрі мен минималді бухгалтерлік есептесу негізінде жоспарланып отырған жеке кәсіпкерлік. Негізгі міндеті – компьютерлік білімділікті жоғарылату және халыққа офистік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беру. Қызметті ұйымдастыру жағынан табысы жоғары және күрделілігі төмен бизнес болып табылады, сонымен қатар көмек ретінде мамандардың біліктілігін талап етеді.
Қызметті сипаттау
Интернетке кіру мүмкіндігін беруден түсетін пайда күндізгі уақытта тұрақты болады. Түнгі уақытта жергілікті провайдерлердің мүмкіндігіне қарай интернетке қол жеткізу жеңілдетілген тариф (немесе түнгі пакетке тегін қосымша ретінде) бойынша қарастырылған. Компьютер клубының қызмет түрлері: Компьютерлік ойындар: персональды компьютерде; локалды желі ішінде; Интернетте; Ғаламтор-Интернет: рефераттар, курстық жұмыстар, шығармалар, дипломдық жұмыстар, және т.б.; жаңалықтар көру; электрондық кітапханаларға кіру; тілдесу (чат, форум, ICQ, MSN, Messenger); электрондық пошта; Интернет-телефония; видео және аудио таспаларды көру және тыңдау;
Полиграфия: жоғары сапалы сканерлеу, ксерокс, CD-RWдискілерге жазып беру. Офистік клиенттер үшін компьютерлік клуб кез-келген уақытта «барлық мәселелерді шешу орыны» ретінде өзін ұсынады.
Қазіргі таңда осындай қызметтерді көрсететін басқа кәсіпорындар халықтың қалауларын толық қанағаттырмайды. Сондықтан ұсынылып отырған жоба бәсекеге қабілетті және келушілердің жеткілікті көлемін күтуге нақты мүмкіндігі бар деп айтуға болады. Көптеген пайдаланушылардың өздерінің үйлерінде жеке компьюетрлері бар болса да, компьютерлік қызметтерге деген сұраныстары жылдан-жылға өсуде. Сонымен қатар, көптеген компьютерлік ойындар үшін локалды желінің бар болғаны қажет. Оған қоса, жоғары жылдамдығы бар. Интернет желісіне қосылған тұрғын үйлердің желілері кеңінен тарамаған және телефон арқылы қосылып тұрса да, пайдаланушыны «dial-up» (33 кбит төмен) қарағанда, қосылудың жоғары жылдамдығы қызықтырады. Бұның барлығын қазіргі таңда тек қана компьютерлік клуб қамтамасыз ете алады. Қызметтерді тұтынушы ретінде 16-35 жас аралығындағы адамдар (жоғары сынып оқушылары, студенттер, жас мамандар). Компьютерлік клубтың негізгі тұтынушылары 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер.
Кесте 1 - Жобаны іске асыру шығындары мен инвестициялар
Жобаға қажетті инвестициялық салымдардың көлемі мен бағыттары | Жалпы, тенге |
Конфигурация мен жұмыс станциясын сатып алу | 1 357 865 |
Қажетті жиhаздарды сатып алу | 200 000 |
Өндірістік орынды жалға алу, 50м² | 614 400 |
Жұмыс станцияларды электрмен жабдықтыру | 25 000 |
Келісу іс-шараларына арналған шығындар | 115 000 |
Жарнамаға қажетті шығындар | 30 000 |
Ұйымдастырушылық шығындар | 275 000 |
Барлығы | 2 617 265 |
Ғимаратты жалға алу. Көлемі 50м² ғимаратты Интернет-клуб ашу үшін жалға алу қарастырылады. 1м² орташа құны – 1024теңге/айына
...