Бизнес-жоспар “TURAN” қымызханасы
Автор: Serik009 • Март 30, 2024 • Курсовая работа • 5,785 Слов (24 Страниц) • 115 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
“Бизнес және құқық” факультеті
“Менеджмент” кафедрасы
БИЗНЕС-ЖОСПАР
“TURAN” қымызханасы
Топ – Маркетинг, ГМУ
Орындағандар: Узакбаева Аселья
Сафаралиев Жеңісбек
Даниярбек Нұрасыл
Бақытнұрұлы Елдос
Атшыбай Әділет
Оқытушы: Есбергенова Б.М
Ақтау 2023ж
Жоспар:
Түйіндеме
1.Қымызхана жобасының аясы
2.Қымызхана жобасының міндеттері мен жасалуы
3.Бизнес жоспардың мақсаты
4.Маркетингтік стратегия
5.Бәсекелес компаниялардың сипаттамасы
6.Сатып алынатын жабдықтар
7.Сатып алынатын өнімдер
8.Төленетін салықтар мен еңбек ақы
9.Кірістер
10.Ақша қозғалысы
11.Қаржылық көрсеткіштер
12. Жобаны жүзеге асыру жылдары
13.Несие графигі
Қорытынды.
Түйіндеме
Жоба атауы | “TURAN” қымызханасы |
Құқықтық нысаны | ЖК/ ЖШС / ШҚ |
Мамандық | Мар-22-1 , ГМУ-22-1 |
Аты-жөні | Сафаралиев Жеңісбек Даниярбек Нұрасыл Бақытнұрұлы Елдос Узакбаева Аселья Атшыбай Әділет Бірліков Мирас |
Жобаның орналасу орны/ мекенжайы | Ақтау қаласы 12 мкр 21үй |
Қарыздың нысаналы мақсаты: | Қымызхана ашу үшін және оны жүргізіп алынған қарызды 1 жыл ішінде қайтару |
Валюта: | теңге |
Жобаның жалпы сомасы, мың теңге: | 3 160 000 |
Оның ішінде қарыз қаражаты, мың теңге: | 3 160 000 |
Оның ішінде меншікті қаражат, мың теңге: | 0 |
Рентабельдік | 11% |
Жобаның өтелу мерзімі | 13 ай |
NPV | 32 405 850 |
[pic 1]
1.Қымызхана жобасының аясы
Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі.
Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Бұл ғажайып сусын қырғыз, қазақтардың барлық салтанатты думандарымызда бiрiншi кезекте берiледi. Ол туралы өлеңдерде, мақал-мәтелдерде айтылады, әйел адамның қабiлетiн ең алдымен оның қымыз әзiрлеуiне қарап бағалаған. Ыдыс түбiнде iшiлмей қалған қымызды төгiп тастау күнә болған. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста - торсық және сабада дайындаған.
Қымыздың сапасы ең алдымен ұйытқыдан басталады. Қазiргi кезде қымыздың микрофлоры құрғақ түрде жақсы сақталады. Қымыздық ұйытқы ретiнде көктемде, қымыздық мезгiлдiң басында ұйытқы қолданылады.
«Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз»,— деді Жамбыл атамыз. Қымыз қазақ халқының ұлтық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Әдетте сауылатын биелер сақа бие, қулық бие, қысырақ бие деп үшке бөлінеді.
Қымыздың атам заманнан бергі өзіне тән ыдысының бірі — қазақтың қара сабасы тек қана жылқы терісінен тігіледі. Бұл бұдан бірнеше ғасыр бұрын, көшпелі дәуірде игерілген ыдыс болса керек. Сабаға ашытқан қымыз бір жағынан сүйкімді, дәмді болса, екінші жағынан көші-қон жағдайында алып жүруге өте қолайлы.
...