Бизнес-жоспарлау
Автор: Ernar97 • Сентябрь 21, 2018 • Курсовая работа • 5,207 Слов (21 Страниц) • 835 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
[pic 1]
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті
«Экономика және болжамдау» кафедрасы
Экономикалық мамандықтарының студенттеріне арналған «Бизнес-жоспарлау» пәнінен
курстық жұмысты орындау бойынша
Әдістемелік нұсқау
Орал - 2013
Рахимгалиев Б.К., аға оқытушы.,
Тулеугалиева Н.И., аға оқытушы.
Сын – пікір беруші: Рустенова Э.А., э.ғ.к., доцент.
Экономикалық мамандықтарының студенттеріне арналған «Бизнес-жоспарлау» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау
Экономика және болжамдау кафедрасының отырысында талқыланды
Экономика және бизнес факультетінің оқу - әдістемелік бюросымен ұсынылды
Университеттің оқу- әдістемелік кеңесімен мақұлданды
Экономикалық мамандықтарының студенттеріне арналған «Бизнес-жоспарлау» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау.
Курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау студентттердің тақырыптық бағыттарын анықтау мақсатын, орындау мақсаты мен міндеттерін, мазмұнына, көлеміне, рәсімделуіне қойылатын талаптарды кірістіреді.
©«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» РМК, 2013
Мазмұны
Кіріспе ....................................................................................................... 4
- Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері ........................................ 5
- Курстық жұмыстардың үлгілік тақырыптары ........................................ 6
- Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны ........................................ 8
- Курстық жұмысты орындау тәртібі және кестесі ................................. 24
- Курстық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар .............................. 25
- Курстық жұмысты қорғау тәртібі және бағалау саясаты ...................... 27
Ұсынылатын әдебиеттер ......................................................................... 28
Кіріспе
Бизнес-жоспарлау пәні бойынша курстық жұмыс дипломдық жұмысты орындауға кірісер алдындағы болашақ маманның орындайтын жұмыстарының бірі. Бұл курстық жұмысты орындау кезінде студент бизнес-жоспарды дайындау кезінде, яғни жоспарлау, маркетинг, өндірісті, еңбекті, кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару және ұйымдастыруда қажетті негізгі экономикалық пәндер бойынша білімін практикамен ұштастыра білу қабілеттілігін көрсете алуы керек. Бизнес-жоспарлау бойынша курстық жұмыс студенттің нақты әрекет етіп тұрған бизнес шеңберінде басқару шешімдерін шеше алатын қабілетін көрсетуі тиіс.
Бұл әдістемелік нұсқаудың міндеті – студентке тақырыптар, дайындау тәртібі, курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуі бойынша ұсыныстар беру, жұмысты дұрыс ұйымдастыруға көмек көрсету.
Кәсіпорынды басқару процесінде бизнес-жоспарлау айырықша орын алады.
Бизнес – жоспар компаниялардың нарықтық қызметінің нәтижелерінің объективті бағасы ретінде және осы уақытта нарық талаптарына сәйкес жобалық-инвестициялық шешімдердің қажетті инструменті ретінде көрінеді. Бизнес-жоспар бизнесті басқаруға мүмкіндік беретін құжат болып табылады, сондықтанда оны стратегиялық жоспарлаумен және оны оны орындау мен бақылауға басшылық етудің ажырамас элементі ретінде қарастыруға болады. Бизнес-жоспар инвестицияны тарту үшін қажетті негіз ретінде қызмет атқарады.
...