Бизнес жоспарлау негіздері
Автор: Zhusip09 • Июнь 20, 2020 • Реферат • 655 Слов (3 Страниц) • 886 Просмотры
Тақырып. Бизнес жоспарлау негіздері
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:
- Бизнес жоспардың негізгі бөлімдері.
- Тапсырманы орындау
Тапсырма
- Бизнес-жоспар – бұл.....
- Бизнес-жоспардың үлгілік құрылымы атаныз
Жауап
- Бизнес-жоспар – бұл компанияның қандай да бір коммерциялық жоба мен компанияның жалпы қызметін жүзеге асыру жөніндегі қызметі туралы жан-жақты әзірленген бағдарламасы.
- Бизнес-жоспар бөлімдерінің үлгілік құрамын келтіреміз
1. Түйіндеме |
2. Бастапқы мәліметтер және сипаттамасы |
3. Нарық конъюнктурасының болжамы |
4. Маркетингтік стратегия |
5. Бәсеке |
6. Тауар (қызмет) |
7. Шығындарды анықтау |
8. Өндіріс жоспары |
9. Жұмыстарды және қаржыландыруды ұйымдастыру |
10. Өткізу нарығы |
11. Кірістерді анықтау |
12. Қаржылық жоспар |
13. Экономикалық, коммерциялық және әлеуметтік тиімділікті бағалау |
14. Тәуекелдерді талдау және қарсы тұру шаралары |
1. Түйіндеме. Бұл бөлімде бизнес-жоспардың – болжамды жобаның нәтижелері мен қорытындылары сипатталады, өндіріс пен өнімнің жаңашылдығы туралы айтылады. Қысқаша нұсқада сату көлемі, түсім, шығындар және пайда туралы мәліметтер беріледі. Несиені қайтару мерзімі туралы ескерту қажет. Мұндай қысқаша ақпарат өнімнің, кәсіпорынның қызметіне объективті баға беруге мүмкіндік береді. Бөлімнің басты мақсаты – болашақ қызметтің тәуекелдері мен табысын бағалау.
Түйіндеме – бұл инвесторларды сіздің идеяңмен алғашқы таныстыру, жарнамалық буклет. Онда негізгі қызметтер қамтылып және қызығушылық тудыруы тиіс. Егер сіздің жобаның қысқаша сипаттамасы, ең басында адресаттарға ұнамаса, одан әрі сіздің бизнес-жоспарыңызды ешкім көрмеуі мүмкін.
2. Бастапқы мәліметтер және сипаттамасы. Функционалдық ерекшеліктері, орналасқан жері, аумақты пайдалану шарттары сипатталады. Мұндай деректер талдау мен есептеулер жүргізу үшін қажет.
3. Нарық конъюнктурасының болжамы. Бөлім инвестициялық саладағы макроэкономикалық үдерістердің қазіргі жай-күйі мен үрдістерін бағалауға арналған. Негізгі мақсат – тартылатын компаниялардың коммерциялық қызметінің болжамы.
4. Маркетингтік стратегия. Маркетингтік жағдай, стратегияны жүзеге асыру бағдарламасы, әлеуетті тұтынушылар, нарықтық конъюнктура, бағалар, өткізу арналары сипатталатын жеткілікті үлкен бөлім өнімді немесе қызметтерді жарнамалаудың тәсілдері, жаңа өнімді өткізу болжамы, баға белгілеу және баға көрсеткіштері туралы баяндалады. Бөлімнің мақсаты – нарықтың жағдайын, бағалардың өзгеруін, сыртқы және ішкі факторларды, жарнаманың тиімділігін талдау, компанияның күшті және әлсіз жақтары, өндірістік мүмкіндіктерді бағалау.
5. Бәсеке. Өте маңызды бөлім, оны жазу кезінде көптеген талдаулар мен қорытындылар қолданылады. Әлеуетті бәсекелестер сипатталады (оларды сату көлемдеріне, кірістеріне, модельдерді енгізу келешегіне, негізгі әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларға, олардың өнімінің сапасы мен дизайнына, бәсекелестердің баға саясатына баға беріледі). Бөлім бәсекелестер қызметі көрсеткіштерінің жекелеген топтарын салыстырмалы талдау, бәсекелестердің мақсатын, стратегиясын талдау үшін қажет.
6. Тауар (қызмет). Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы: тауарлардың тұтынушылық қасиеттері, олардың бәсекелестердің тауарларынан айырмашылығы, патенттермен қорғалу дәрежесі, өндіріске, сервисті ұйымдастыруға бағалар мен шығындардың болжамы. Бөлімнің мақсаты – тауардың тұтынушылық қасиеттерін бағалау, бәсекелестердің тауарларын, өнім өндірісінің бағалары мен шығындарын талдау.
...