Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттік мекемедегі есепті ұйымдастыру негіздері

Автор:   •  Май 17, 2019  •  Курсовая работа  •  18,513 Слов (75 Страниц)  •  1,004 Просмотры

Страница 1 из 75

1 МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕДЕГІ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ «ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Мемлекеттік мекемедегі есепті ұйымдастыру негіздері

Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі ерекшеліктері келесі нормативті актілер негізінде анықталады:

  • Республикалық және жергілікті бюджетті жүзеге асыру ережелері бекітілген Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық Департаментінің заңымен белгіленген мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есепті жүргізудің нұсқаулығымен;  
  • Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелердің есептілікті құру және ұсыну ережелері.
  • бюджетте тіркеуде тұрған мекемелердің есебін жүргізу және операцияларын баланста көрсету туралы нұсқаулықтары бар өзге де нормативтік құжаттар [3, 3-б.].

Мемлекеттік ұйымдарға бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының негізінде негізгі қызметі толық көлемде бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын ұйымдар жатады. Бұл ұйымдар үшін бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды қаржыландыру және бюджеттік мекемелер үшін белгіленген тәртіпте бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу міндетті шарт болып табылады. Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің жүргізілуінің коммерциялық ұйымдардың бухгалтерлік есебіне қарағанда ерәуір өзгешеліктері бар. Оны келесі кестеден көрсек болады (1-кесте).

1-кесте

Мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша ерекшеліктері

Ұғым

Мемлекеттік мекемелерде

Коммерциялық ұйымдарда

Есеп объектісі

  1. кірістері мен шығыстары;
  2. материалдық құндылықтары;
  3. шоттағы ақша қаражаттары;
  4. есеп айырысу құралдары;
  5. бюджетті орындау барысында құрылған қорлары мен резервтері.
  1. ұйым мүлкі;
  2. ұйым міндеттемелері;
  3. шаруашылық операциялары.

1-кестенің жалғасы

Шоттар жоспарының құрылымы

  1. Қысқа мерзімді активтер;
  2. Ұзақ мерзімді активтер;
  3. Қысқа мерзімді міндеттемелер;
  4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер;
  5. Таза актив/капитал;
  6. Кірістер;
  7. Шығыстар;
  8. Өндіріске және өзге де мақсаттарға арналған шығыстар;
  9. Баланстан тыс шоттар.
  1. Қысқа мерзімді активтер;
  2. Ұзақ мерзімді активтер;
  3. Қысқа мерзімді міндеттемелер;
  4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер;
  5. Капитал мен резервтер;
  6. Кірістер;
  7. Шығыстар;
  8. Өндірістік шығындарды есепке алу шоттары;

Қаржылық нәтиже

Мемлекеттік мекеменің қаржылық нәтижесі осы есепті жылы орын алған нақты шаруашылық шығындардың сметасы негізінде анықталады.

Ұйымның нақты табысы негізінде анықталады. Нақты табыс ұйымның жалпы табысынан кезең шығындарын алып тастағанға тең болады.

Қаржылық есептілік нысандар

  1. Бухгалтерлік баланс;
  2. Мемлекеттік мекеменің қаржылық қызметінің нәтижелері туралы есептілік;
  3. Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептілік;
  4. Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қаражаттарының өзгерісі туралы есептілік;
  5. Түсіндірме жазба.

( ҚР Қаржы министрлігінің 2017 жылдың 17 тамызындағы бұйрығына сәйкес 2018 жылдың 1 шілдесынен бастап 6-нысан – Қайта ұйымдастыру кезіндегі бухгалтерлік баланс ұсынылуы қажет).

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы есептілік;
  2. Жылдық жиынтық табыс туралы есептілік;
  3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік;
  4. Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептілік;
  5. Түсіндірме жазба.

Ескерту - [4] әдебиет негізінде автормен құрастырылған.

...

Скачать:   txt (298.8 Kb)   pdf (788.2 Kb)   docx (214.5 Kb)  
Продолжить читать еще 74 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club