R жүйесі негізінде мәліметті регрессиялық талдау
Автор: Винара Шаймарданова • Февраль 27, 2023 • Лабораторная работа • 413 Слов (2 Страниц) • 206 Просмотры
Зертханалық жұмыс №1
R жүйесі негізінде мәліметті регрессиялық талдау
Мақсаты: R жүйесі негізінде регрессиялық модель құруды үйрену
Жұмысты орындау барысы:
- R жүйесін іске қосу. Терезе автоматты түрде консоль режимінде қосылады. (1-сурет)
Мәзір жолынан «Файл» – «Новый скрипт» батырмасына шерту. Скрипт режиміндегі терезе ашылады. (2-сурет)
[pic 1]
1-сурет. «Консоль» режиміндегі терезе
[pic 2]
2-сурет. «Скрипт» режиміндегі терезе
- GGally пакетін орнату. Ол үшін «library (“GGally”)» командасын теру арқылы пакетті орнату.
GGally – графиктің матрицаларын салу үшін қолданылатын пакет.
library(“GGally”) көптеген шашыраулары бар графиктерді бір рет салуға мүмкіндік береді.
Скрипт терезесіне library(“GGally”) мәтінін теріп, «Ctrl+R» арқылы консоль режимінде көрсету.
«ggplot2» пакетін жүктеу үдерісі жүзеге асырылады.
ggplot2 – графиктер, диаграммалар, карталар және т. б. құруға арналған ең қуатты пакет (3-сурет)
(library("GGally"))
[pic 3]
3-сурет. library(“GGally”) пакетін орнату
- АҚШ доллары мен Қытай юаньының соңғы 10 күндік (20.01.-30.01.2019ж.) курсын алу. (4-сурет)[pic 4]
4-сурет. «Доллар» және «Юань» валюталарының курсы
- Мәліметтерді реті бойынша «Dollar» және «Yuan» мәліметтер тобына орналастыру. Скрипт терезесіне жазып, консоль режимінде көру.(5,6-сурет)
(dollar <- c(384.2,386.2,384.2,381.38,380.12,378.12,366,378.12,373.66,374.82)
yuan <- c(55.88,57,55,55.49,55.08,57.09,55.08,56.05,54.54,54.89))
[pic 5]
5-сурет. Мәліметтерді енгізу [pic 6]
6-сурет. Консоль режимінде көру
- df айнымалысына орналастырылатын мәліметтер тобын біріктіру. Нәтижені терезеге шығару. (7-сурет)
( df <- data.frame(dollar, yuan)
df)
[pic 7]
7-сурет. Мәліметтер тобын біріктіру
- «Psych» пакетін орнату.
Psych – берілген мәліметтерді есептеу қызметін атқарады. (8-сурет)
(library("psych"))
[pic 8]
8-сурет. «Psych» пакетін орнату
- describe (df) функциясын орнату.
describe (df) функциясы арқылы орташа, мода, медиана, стандарттық ауытқу, минимум/максимум,асиметрия, эксцесс және т.б. мәліметтерді сипаттау кестесі алынады. (9-сурет)
(describe(df))[pic 9]
9-сурет. Мәліметтерді сипаттау кестесі
- «qplot» функциясының көмегімен Валюта деңгейін анықтайтын график тұрғызу. (10-сурет)
(qplot(data=df,dollar,yuan))
...