Топографиялык карталар мен жоспарлар
Автор: mermurat • Апрель 15, 2023 • Лекция • 2,611 Слов (11 Страниц) • 384 Просмотры
Тақырып 2. ТОПОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАР МЕН ЖОСПАРЛАР
2.1 Масштабтар және олардың дәлдігі
Жер беті және оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб арқылы кішірейтіліп кескінделеді.
Масштаб дегеніміз –жоспардағы, картадағы сызықтың (кесіндінің) өзіне сәйкес жер бетіндегі ұзындығының көлденең проекциясына қатынасы. Масштаб сандық қатынас, сызықтық және көлденең болып бірнеше түрге бөлінеді.
Егер жоспар 1:1 000 масштабында жасалса, онда жер бетінде ұзындығы 1 000 см-лік ара қашықтық жоспарға 1 см-лік кесінді түрінде кескінделген болады. Мұндай масштаб сандық масштаб делінеді. Мына төменгі бірнеше сандық масштабтар 1:1 000, 1:2 000, 1:5 000, 1:10 000 және т.б. ірісінен ұсақтарына қарай қатармен жазылады. Масштаб ірі болса, ол жоспарда арнаулы деректер толық көрсетіледі. Әр жоспардың мақсатына лайықты өзіне сәйкес масштабы болады. Егер сандық масштаб белгілі болса, сызықтың ұзындығын қағаз бетіне түсіріп, не керісінше жоспардағы кесінді арқылы оның жер бетіндегі ұзындығын табуға болады. Бірінші мысал: жер бетіндегі сызықтың проекциясы 275 м-ге тең делік. 1:5 000 сандық масштабта бұл қашықтық жоспарға 275:5 000=0,055 м =5,5 см-ге тең болып кескінделеді. Екінші мысал: 1:2000 масштабты жоспардағы кескінді ұзындығы 6,5 см болса, онда оның жер бетіндегі ұзындығы 6,5×2000=13000 см=130 м.
Іс жүзінде осы есептерді қолдану ыңғайсыз, сол себептен сандық масштабтың орнына сызықтық масштабы, көбінесе көлденең масштабты қолданады. Сандық масштабтың қағаз бетінде график түрінде бейнелеуін сызықтық масштаб дейді.
Сызықтық масштаб бір түзудің бойын «масштаб негізі» деп аталатын біріне-бірі тең бірнеше кесінділерге бөлгеннен шығады. Масштаб негізгі әдетте 1 см-ге тең болып келеді (сурет 2.1, а).
[pic 1] | [pic 2] |
[pic 3] | |
Сурет 2.1-Масштабтар |
Сол жақтағы шеткі негіз тең 10 бөлінеді де, оның оң жақ ұшы 0-деп белгіленеді. Сандық масштабтың да кемістігі бар. Ол кемістік сызықтық масштабпен пайдаланғанда көз шамасымен бағалаудан тұрады. Сондықтан өте үлкен дәлдікті қажет ететін өлшеулер үшін көбіне көлденең масштабты қолданады. 1:10000 масштабына сәйкес келетін көлденең масштаб сурет 2.1,б суретінде көрсетілген. Түзу сызық жоғарыдығыдай «масштаб негізі» 2 см-ге тең етіліп, бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оң жақтағы 0, 2, 4, 6, 8 нүктелерніен перпендикуляр тұрғызылып, олар төменгі түзу сызықтан бастап, әрқайсысы 2 не 3 мм-ге тең 10 бөлікке бөлінеді. Белгіленген нүктелер арқылы бастапқы түзу сызыққа параллелді сызықтар жүргізіледі. Сол жақтағы масштаб негізінің төменгі және жоғарғы қабырғалары 10-ға бөлініп, «масштабтың кіші негізі» алынады. Олар суреттегідей қиғаш сызықтармен қосылады. Осылай жазылған көлденең масштабтың ең кіші бөлігі ab кесіндісі АВ 1/10 не, яғни 0,2 мм-ге тең. 0,2 мм-ге сәйкес келетін жер бетіндегі ирек сызық ұзындықты көлденең масштабтың дәлдігі дейді. Масштаб дәлдігі мына формуламен анықталады
[pic 4], (2.1)
мұнда а-масштаб негізі, 2 см; п-масштаб негізі бөліктерінің саны; т-масштаб биіктіг бөліктерінің саны.
Мысалы: 1:1000; 1:2000; 1:5000 масштабтарының графиктік дәлдіктері 0,2; 0,4; 1,0 м тең болып келеді.
Мұндай көлденең масштабтар топографиялық транспортирлерге және металдан жасалған сызғыштарға кондырылады. Оларды масштабтық сызғыштар дейді.
Бір масштабтан екіншісіне өту үшін сына шкаласын қолдану ыңғайлы (сурет 2.1, в). Көлденең түзуде сызықтың ұзындығы қойылады, мысалы, 1:100 масштабтағы АС. Салынған кесіндінің оң жағында тік сызық бойынша бұл кесінділер В1С және ВС 1:500, 1:200 масштабтарында салынады. Алынған нүктелер көлденең кесіндінің сол жақ ұшына қосылады. Сызылған көлбеу сызықтардың жанында тиісті масштаб мәніне қол қойылады. 1:100 масштабты жоспардағы АС кесіндісінен 1:500 масштабтағы тиісті кесіндіге өту үшін циркулдің бір инесін В1 нүктесінде, ал екіншісі берілген масштаб мәніне сәйкес көлбеу сызықтар арасындағы С нүктесінде орналасатындай етіп орнатылады. Циркулдің ашылуына В1С тең мәні, шынайы қашықтық болады.
...