Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Коfамдык көлiктi цифрландыру

Автор:   •  Май 29, 2019  •  Статья  •  1,050 Слов (5 Страниц)  •  467 Просмотры

Страница 1 из 5

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ ЦИФРЛАНДЫРУ

Жанғазы Е. (АУ-17ко тобының студенті)

Жетекші Ескожина А.Т.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – бұл цифрлық технологияларды қолдану есебінен елдің әрбір азаматының тұрмыс деңгейін арттыруды көздейтін маңызды кешенді бағдарлама.

Соңғы жылдары Қазақстандағы қалалық инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөлінуде. Жаңа технологияларды қолдану – «ақылды қала» жобасының басты қағидаларының бірі.

Қазақстанның көптеген қалаларында қоғамдық көлік қозғалысын реттеу жүйесі қажетті жайлылыққа жеткізілмеген. Сондықтан жаңа технологиялар ірі елді мекендердің ішіндегі көлік жүйесіне аса қажет.

Бұрын қаланың бейтаныс ауданында болған кез-келген адамға жолаушыдан қандай автобуста жетуге болатыны туралы жиі сұрақ қоюға тура келді, бірақ  кейбір кезде дұрыс жауап естуге болмайды. Енді Интернет дәуірінде таныс автобус нөмірін іздеудің қажеті жоқ. Тек арнайы бағдарламасын ашып, автобустың қайда екенін білу жеткілікті (1 сурет).

Қазір еліміздің көп қалаларында диспетчерлеу және мониторингтеу жүйесін енгізу арқылы автобустар қозғалысын мобильдік қосымша арқылы қадағалауға да болады. Ол үшін автобус GPS-трекерлармен жабдықталған және қоғамдық көлігінің онлайн - мониторинг жүйесіне енгізілген. GPS-трекер диспетчерге көліктің қай жерде екендігі жөнінде ақпарат жеткізіп отырады. Өз кезегінде, жолаушы қосымшаны жүктей алады және нақты уақыт режимінде өзіне қажет автобустың қай жерде екенін көре алады.

[pic 1]

Сурет 1 – Автобус маршрутын қадағалайтын құралдар

Сонымен қатар аялдамаларға электрондық диспетчерлеу жүйесін енгізу, барлық автобус аялдамаларын қоғамдық көліктің шығатын жері және келетін уақыты, жолға жұмсайтын болжамды уақыты көрсетілген.

Автобустың GPS-трекерінен түсетін деректер негізінде автобус аялдамасының жанында орнатылған ақпараттық (жарықдиодты) таблоға оның келу уақытын есептеуге және шығаруға болады (сурет 2). Жарнама есебінен өтеледі.

Табло келесі ақпаратты қамтиды - маршрут нөмірі, бастапқы және соңғы аялдамалар, автобус келгенге дейінгі минутпен уақыт. Автобустың келу уақыты оның ағымдағы координаттары, жылдамдығы негізінде есептеледі. Бұл ретте осы жол учаскесіндегі қозғалыстың орташа жылдамдығы ескеріледі.

Таблоның жоғарғы бөлігінде күн, ағымдағы уақыт, ауа температурасы көрсетілген шағын ақпараттық блок бар. Табло жарықдиодты технология бойынша жасалған. Сұйық кристалды.

[pic 2]

Сурет 2 – Астанадағы аялдамаларда электронды ақпараттық табло

Қоғамдық көлікті цифрландырудың келесі бір (басқа) жолы - бұл  жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін еңгізу (ЖАТЭЖ). Жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесінің негізгі құрылғысы - валидатор.

Валидатор - жол жүру құжатын оқитын және оның тұпнұсқалығын тексеретін ЖАТЭЖ-дің негізгі элементі.

Валидатор (ағылш. valid – нақты, күші бар, заңды) - жолаушының автобус, троллейбус, трамвай салонына, метродағы,  темір жолдағы отырғызу платформасына және жердегі көліктің өзге де осыған ұқсас түрлеріне жол жүруді төлеудің бақылау көлік құралынан тыс жүзеге асырылатын көліктің басқа да түрлеріне жол жүруінің заңдылығын жедел бақылау үшін түйіссіз немесе түйісті электрондық тасығыштарға жазылған құжаттарды (қоғамдық көліктің жол жүру билеттерін, рұқсаттамаларды) көрсетуге және/немесе тексеруге арналған электрондық немесе механикалық-электрондық құрылғы. Жиі турникетпен біріктірілген.

Қысқаша айтқанда валидатор бұл жол жүру құжаттарын тексеруге және қоғамдық көлікте жол жүру ақысын бақылауға арналған электрондық немесе механикалық-электрондық құрылғы.

Валидаторлар түрлері - жергілікті орнатылған немесе қолмен тасымалданатын болады.

Жол жүруді бақылау мен төлеудің автоматтандырылған жүйесін құрудың негізгі мақсаттары:

  • Барлық қалалар мен оның тұрғындары үшін оң әлеуметтік әсерді қамтамасыз ету;
  • Қазіргі заманғы технологиялар негізінде жол жүру төлемінің экономикалық тартымды және жолаушыларға ыңғайлы жүйесін құру;
  • Жолаушыларға қызмет көрсетудің қолайлылығы мен мәдениетін арттыру; Жаңа жолаушылар мен әлеуметтік топтарды қоғамдық көлікке тарту;
  • Қосымша қызметтерді енгізу және көліктің басқа түрлерімен интеграциялау мүмкіндігі;
  • Қолма-қол ақшасыз қаражаттың көмегімен төлемді кеңейту;
  • Жолаушылар ағынын талдау негізінде маршруттық желіні оңтайландыру;
  • Жол жүру төлемінің деңгейін арттыру.

Жер үсті көлігі (автобустар, троллейбустар және трамвайлар), сондай-ақ метрополитеннің турникеттері байланыссыз смарт-карталардың валидаторларымен (ақпарат есептегіштермен) жарақтандырылады.

...

Скачать:   txt (16.4 Kb)   docx (2.3 Mb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club