V В топша элементтері
Автор: ainura-14 • Сентябрь 20, 2021 • Реферат • 817 Слов (4 Страниц) • 1,534 Просмотры
Тақырыбы: V В топша элементтері.
Элементтердің жалпы сипаттамасы: Периодтық жүйенің V B топшасы элементтерін ванадий V, ниобий Nb жəне тантал Ta құрайды. Бұл d-элементтері, электронды аналогтар. Бұл топшаға 105-інші элемент – нильсборий Nc да кіреді. Алғаш рет нильсборий изотопы 1979 жылы кеңес ғалымдары жəне америкалық ғалымдар бір-бірінен тəуелсіз жасанды жолмен алды. Нильсборий химиялық қасиеттері жағынан танталға ұқсас екені анықталды, алайда нильсборий мен оның қосылыстарының қасиеттері аз зерттелген. V B топшасы элементтерінің валентті электронды конфигурациясы – (n-1)d3ns2. Ниобий атомында электронның «секіруі» байқалады, бір электрон сыртқы энергетикалық деңгейден соңғы деңгейдің алдындағы деңгейдің d деңгейшесіне өтеді, алайда бұл топшаның элементтерінің барлық атомдарында валентті электрондардың жалпы саны беске тең болады. Ванадий, ниобий жəне тантал атомдарының электрондық құрылысына сəйкес, өзінің қосылыстарында тотығу дəрежелері +1- ден +5-ке дейін көрсетеді. V B топшасы элементтерінің негізгі сипаттамалары 19-кестеде берілген.
V В топшасының элементтерінің жалпы сипаттамасы.
Элементтің сипаттамасы | V | Nb | Ta |
Реттік нөмірі | 23 | 41 | 73 |
Салыстырмалы атомдық массасы | 50,94 | 92,91 | 180,94 |
Табиғи изотоптары | 50V,51V | 93Nb | 180Та,181Та |
Сыртқы жəне оның алдындағы d деңгейшесінің құрылысы | 3d34s2 | 4d45s1 | 5d36s2 |
Атомдық радиусы, нм | 0,134 | 0,145 | 0,146 |
Иондық радиусы Э(+5), нм | 0,040 | 0,068 | 0,068 |
ОЭО | 1,9 | 1,7 | 1,6 |
Тотығу дəрежелері | +2,+3,+4,+5 | +2,+3,+4,+5 | +2,+3,+4,+5 |
Жай заттар: Тығыздығы, г/см3 | 5,96 | 8,57 | 16,69 |
Т. балқу, ºС | 1900 | 2470 | 2999 |
Т. қайнау, ºС | 3450 | 4930 | 5425 |
Ванадий
Таралуы: Жер қыртысында ванадийдің мөлшері көбірек, оның массалық үлесі 0,015 %-ды құрайды. Ванадийге бай кендер өте аз, ол шашыранды элемент. Ванадий темір, титан жəне басқа да металл кендерінің құрамында болады.
Физикалық қасиеті: Ванадий – күмістей ақ сұр түсті металл, созылғыш, алайда оның созылғыштығы металдың құрамында бейметалл (оттек, азот) қоспаларының болуынан төмендейді.
Химиялық қасиеті: Қарапайым жағдайларда ванадийдің беттік қабатында оксидті қабықшаның түзілуіне байланысты химиялық белсенділігі төмен. Қыздырғанда ол кейбір бейметалдармен əрекеттеседі:
4V + 5O2 = 2V2O5
2V + 5F2 = 2VF5
Бөлме температурасында ол тек фторсутек қышқылында ғана ериді. Сонымен қатар қыздырғанда концентрлі күкірт жəне азот қышқылдарымен де əрекеттеседі:
2V + 10HNO3 = V2O5 + 10NO2 + 5H2O
Тотығу дəрежелері +4 жəне +5 болатын ванадий қосылыстары ең көп тараған. Ванадий (V) оксиді V2O5 – қызыл түсті кристалдық зат, улы, қышқылдық оксид, алайда күшті қышқылдармен əрекеттесіп, əлсіз негіздік қасиет те көрсете алады.
V2O5 сумен əрекеттескенде қышқылдар түзіледі: HVO3 – метаванадий қышқылы; H3VO4 – ортованадий қышқылы жəне H4V2O7 диванадий қышқылы.
...