2 –пирролидин туындылары: коповидон, кросповидон
Автор: wingis___96 • Октябрь 11, 2019 • Реферат • 1,582 Слов (7 Страниц) • 1,233 Просмотры
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: 2 –пирролидин туындылары: коповидон, кросповидон. Құрылысының ерекшелігі, медицинада қолданылуы. Сапасына қойылатын фармакопеялық талаптар, талдау әдістер. Серотонин туындылары: суматриптак сукцинаты, трописетрон, винпоцетин. Стероидты емес қабынуға қарсы заттарды алу үшін индол туындыларын (индометацин), индан (фениндион) және бензогаммапирон (натрий кромогликаты) қатарындағы туындыларын зерттеу.
Орындаған: Қонарбай Ш.Н.
Тобы: В-ФҚ-А-02-15
Қабылдаған: Бидайбек Р.Н.
Шымкент, 2019
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2.1. Индолилалкиламин туындылары препараттарын талдау
2.2. Карбазол туындылары препараттарын талдау
- Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Индол (бензпиррол) ароматтық сақинасы бар конденсірленген гетероциклдік қосылыс болып табылады:
[pic 1]
Қасиеттері бойынша индол пирролға ұқсас келеді. Индолда негіздік қасиет мүлдем жоқ. Кейбір реакцияларда әлсіз NH- қышқылдық қасиет көрсетеді, ауада тотығады. Электрофильді орынбасу реакциясына белсенді қатысады, сондай-ақ реакцияға түсу қабілеттілігі бойынша пиррол сакинасының (3-жағдайы белсенділігі жоғары болады.
Индол табиғи және синтетикалық дәрілік заттардың құрамына кіреді.
- индолилалкиламин туындылары;
- аллоиохимбан туындылары;
- карбазол туындылары;
- эрголин туындылары.
Индолилалкиламин туындыларының дәрілік препараттары әр түрлі фармакологиялық белсенділікке ие.
Серотонин (5-гидрокситриитамин) - ағзада ферментативті жолмен аминқышқылы триптофаннан 5-жағдайға гидроксилденіп, ары карай декарбоксидену арқылы түзілетін биогенді амин.
Карбазол кабіршөп апкалоидтарының негізінде жатыр. Гипотензивті, кантамырларды кеңейтетін және седативті әсер көрсетеді. Карбазолдың синтетикалық туындысы - ондансеторон химиялық құрылысы және фармакологиялық әcepi бойынша индол тропистерон туындыларына жақын.
Карбазолдың басқа туындысы - винпоцетин жартылай синтетикалық жолмен кішкентай кабіршөп және тік кабіршөп өсімдіктерінің кұрамында болатын винкамин (девинкан) алкалоидынан алынған. Винкаминнен айырмашылығы аповинкамин қышқылының этил эфирінен тұрады. Винпоцетин гипотензивті қасиетке ие, ми қанайналымын жақсартады, винкаминге қарағанда әcepi күшті.
Негізгі бөлім
2.1. Индолилалкиламин туындылары препараттарын талдау
Триптофанды микробиологиялық немесе химиялық синтездеу арқылы алуға болады:
[pic 2]
Серотонин синтезінің көптеген тәсілдерінен ең үнемді триптофаннан гидрокситопты 5 жағдайға енгізу және декарбоксилдеу жолымен жүзеге асырылады:
[pic 3]
Ары қарай адипин қышқылымен әрекеттестіру арқылы серотонин адипинаты тұзы алады.
Индолилалкиламин туындыралының физикалық қасиеттері
Дәрілік заттардың атауы мен химиялық құрылымы | Сипаттама, ерігіштік |
СУМАТРИПТАН Sumatriptanum SUMATRIPTAN (имигран) [pic 4] 3-[2-(диметиламино)этил]-метилинлол-5метан-сульфонамид сукцинаты | Ақ немесе крем түсті кристалдық ұнтақ. Суда оңай ериді, физиологиялық ерітіндіде ериді. |
ТРОПИСЕТРОН ГИДРОХЛОРИДІ Tropisetroni hydrochloridum TROP1SETRON HYDROCHLORIDE (навобан) [pic 5] 8-метил-8-азабицикло-[3,2, 1 ]-окт-3α-ил эфирі- индол-3-карбон қышқылы гидрохлориді | Ақ-сарғыш немесе ақ крем түсті кристалдық ұнтақ. Ацетонда өте аз ериді. |
Идентификациясы
...