Физикалық және коллоидтық химия
Автор: Ser.716 • Апрель 27, 2018 • Лекция • 2,870 Слов (12 Страниц) • 1,270 Просмотры
СИЛЛАБУС
(Syllabus)
Пән: «Физикалық және коллоидтық химия»
Пән коды: FKH 2201
Мамандық: 5В110300 «Фармация»
Сағат (кредит*) саны: 90 (2 кредит)
Курс: 2 Семестр: IV
2017-2018 оқу жылы
Силлабус кафедра мәжілісінде (хаттама №__ ____ 2017ж.) талқыланды.
Кафедра меңгерушісі
х.ғ.д., проф. Ә.Қ.Патсаев
1.6 Оқытушылар туралы мәліметтер:
1.Кафедра меңгерушісі: Патсаев Әнәпия Қаныбекұлы- химия ғылымдарының докторы, профессор - 1-монография 306-ғылыми-әдістемелік мақалалар, 9-оқулық және 52-оқу-әдістемелік қолданбалар, 25 типтік бағдарлама.
Телефоны: 53-08-36, ком-р 125.
Ғылыми қызығушылықтары: Дәрілік өсімдіктердің химиясы, ЖОО-да химиялық және фармакогнозия пәндерінің оқытудағы инновациялық технологиялары.
2. Дауренбеков К.Н. – х.ғ.к., проф. м.а., 4- оқулық, 10 астам оқу- әдістемелік құралдар, 70-тен астам ғылыми-әдістемелік мақалалар. e-mail: daurenbekov.kanat @mail.ru
3. Туребекова Г.А. – п.ғ.к., доцент м.а. -1 оқулық, 2 оқу- әдістемелік құрал, 20-дан астам ғылыми-әдістемелік мақалалар. e-mail: gulya_t.a@mail.ru
4.Cеримбетова К.М. – аға оқытушы 8- оқу- әдістемелік құрал, 10-нан астам ғылыми-әдістемелік мақалалар. e-mail: Kura.83.83@mail.ru
1.7 Байланыс ақпараты:
Кафедраның мекен-жайы: Әл-Фараби алаңы-1. ОҚМФА-ның бас ғимараты, 5 қабат № 501-521 дәрісханалар. Тел. 8-7252-530836 (340).
e-mail: gulya_t.a@mail.ru
1.8 Пәннің саясаты:
- Сабақ кестесі бойынша барлық дәріс, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға міндетті түрде қатысу.
- Сабақтарға кешікпеу.
- Сабақта арнайы киім кию (халат, калпак)
- Сабақтарды өткізбеу, сырқаттанған кезде анықтама жеткізу.
- Келмеген сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта өтеу.
- Оқу үдерісінде белсенді қатысу.
- Академияның ішкі ережелерін және тәртібін сақтау.
- Үй жұмыстарын және СӨЖ уақытылы орындау.
- Тапсырмаларды орындалмаған кезде студенттің қорытынды бағасы төмендейді.
- Оқытушылар және студенттермен жақсы қарым-қатынаста болу.
- Кафедраның мүліктерін құртпау.
- Дәріс, тәжірибелік сабақтарды себепсіз қатыспаған кезінде - әр қатыспаған сабаққа жиналған балдан 0,66 балл алып тастау.
- СӨЖ уақытылы тапсырмаған үшін қорытынды бағадан 0,66 балл алып тастау.
2. Бағдарлама
2.1 Кіріспе
Физикалық және коллоидтық химия- фармацевтикалық білім беру саласындағы біліктілігі жоғары мамандар-фармацевтерді дайындауда маңызды қызмет атқаратын пәндердің бірі.
Осы пән студенттердің ойлау қабілетін қалыптастыруды, физикалық-химиялық процестердің өту заңдылықтарын және химиялық тепе-теңдікке жету шарттарын анықтайды, сыртқы факторлардың, заттар табиғатының процеске әсерлерін қорытып, оларды талқылауды үйретеді.
Физикалық және коллоидтық химияның негізгі міндеті- биохимия, физиология, фармакология, дәрілік заттар технологиясы және басқа да арнайы пәндерді толық және терең оқып-үйренудің теориялық негізі болып келетін физикалық және коллоидтық химияның негізгі бөлімдерімен таныстыру.
Физикалық және коллоидтық химия табиғи және синтетикалық дәрілік заттарды өнеркәсіпте алу, өңдеу және зерттеу әдістерінің тиімділігін анықтайтын, дәйекті ғылыми тұжырымдау беретін іргелі теориялық пәндердің бірі.
Физикалық және коллоидтық химия пәні мынадай негізгі бөлімдерден тұрады: химиялық термодинамика, фазалық тепе-теңдіктер, электрохимия, химиялық реакцияның кинетикасы және катализ, беттік құбылыстар, коллоидтық ерітінділер және жоғары молекулалық қосылыстардың физикалық-химиялық қасиеттері.
...