Ферментация және микробтық синтез
Автор: 87789944398 • Май 14, 2018 • Реферат • 4,575 Слов (19 Страниц) • 1,848 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Анықтамалар,белгілеулер мен қысқартулар | 3 |
Кіріспе | 4 |
І Негізгі бөлім | 5 |
1.1 Әдеби шолу | 5 |
1.2 Ферментация және микробтық синтез; | 7 |
1.3 Ферментациялық аппараттар, биореакторлар; | 12 |
1.4 Механикалық араластырғышы бар ферментер көмегімен микробтық синтездің өнімдерін алу өндірісін жобалау | 17 |
Қорытынды | 20 |
Қолданылған әдебиеттер тізімі | 21 |
Қосымшалар | 22 |
АНЫҚТАМАЛАР
Биореактор - микроорганизмдерді культивирлеу үшін, биомассаның жиналуы, мақсатты өнім синтезіне арналған аппарат.
Залалсыздандыру - (лат. sterilis – ұрықсыздандыру, тұқымсыздандыру) материалдағы патогенді және патогенді емес микроорганизмдерді, олардың формаларын (спораларын, капсулаларын) өлтіру.
Микробиология – микроорганизмдердің биологиялық қасиеттерін, генетикалық, экологиясын, олардың табиғатта, адам, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне әсер ететін ролін зерттейтін ілім.
Микробиотехнология немесе микробтық биотехнология – техника мен өнім өндіру мақсатында микробиология, биохимия мен инженерлік ғылымдарының көмегіне сүйене отырып, микроорганизмдердің потенциалды мүмкіндіктерін толығынан пайдалануды зерттейтін ғылым саласы.
Ферментация - инокулядты алдын ала дайындалған және термостатталған ортаға енгізгеннен бастап, биосинтез және биотрансформация салдарынан қоректік орта элементерінің сарқылуы, биосинтездің аяқалуы, культура активтілігінің процесінің аяқталуына дейінгі кезекті операциялар жиынтығын айтады.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Осы курстық жұмыста келесі белгілеулер мен қысқартулар пайдаланылды:
мг – миллиграмм
мл - миллилитр
м³ - метр куб
мкм – микрометр
ºC- цельсий
рН- орта қышқылдығы
КІРІСПЕ
Биотехнологиялық өндірісте микроорганизмдерді сәтті қолдану биореакторда олардың өсуі мен көбеюі үшін жасалған адекватты жағдайларға, субстратпен қамтамасыз еткенге, физикалық-химиялық факторларға (рН, температура, аэрация, араластыру және т.б.) және микробты дақылдың өсу фазаларымен дұрыс басқаруына (бірінші метаболиттерді, яғни микроорганизмдердің тірі клеткалары дамуының экспоненциалды фазасында бөліп алу, ал антибиотиктер мен ферменттерді дамудың стационарлы фазасында алған өнімдірек) байланысты.
Биотехнологиялық өндірісте микробтық биомассаны көбейту үшін құндылығы күрделі қоректік орта, оның құрамына тиімді көміртегі, азот көздері бай және т.б. заттар ендіреді. Кейін микробтық биомассаны кедей қоректік ортасы бар баска биореакторға ауыстырады. Осындай жағдайларда микробтық клеткалар экспоненциалды даму фазадан стационарлық фазаға көшіп, антибиотиктер, ферменттер және т.б. метаболиттерді синтездей бас-тайды.
Бөліп алу мен тазарту көп кезеңді процестер, сондықтан мақсатты өнімді бұзбайтын және культуралдық сұйықтықтан толық бөліп алатын әдістер комбинациясы қолданылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Механикалық араластырғышы бар ферментер көмегімен микробтық синтездің өнімдерін алу өндірісін жобалау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Ферментация және микробтық синтез;
- Ферментациялық аппараттар, биореакторлар;
- Механикалық араластырғышы бар ферментер көмегімен микробтық синтездің өнімдерін алу өндірісін жобалау.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Әдеби шолу
Микроорганизмдерді зерттейтін биологиялық ғылым - микробиология, зерттеу нысаны бойынша карастырады: бактериялар мен актиномицеттерді (бактериология), мицеллалы саңырауқұлақтар мен ашытқыларды (микология), микробалдырларды (альгология), вирустарды (вирусология), қарапайымдыларды (протозоология). Биотехнология биологиялық ғылымның бір саласы болғандықтан биообъект ретінде микроорганизмдердің атап кеткен таксономиялық топтарын қолданады. Осы ғылыми бағыттың жаңа даму сатыларында биотехнологиялық үрдіске микроорганизмдердің жаңа топтары, соның ішінде генетикалық модификацияланған түрлері де енуде.
...