Техника-экономикалық негіздеме
Автор: madina9696 • Январь 30, 2019 • Реферат • 568 Слов (3 Страниц) • 895 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.Техника-экономикалық негіздеме
2.Негізгі бөлім
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында қайта өңдеу өнеркәсіптерінің өсу үлесі қажеттілігі басым көрсетілген. Осы мақсатта 2020 жылға дейінгі бірінші кезеңде ауыл шаруашылығы және тамақ өндірісінің дамуы реті жүзеге асырылуда.
Тамақ өндірісі кәсіпорындарының нарықтық экономикалық кезеңдегі алатын орны зор. Себебі бұл кәсіпорындар халықты тағамдармен қатар жұмыс орындарымен де қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде тамақ өндірісі кәсіпорындары шағын және индустриялдық технологиялармен жабдықталған. Индустриялдық кәсіпорындар көптеген тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындарымен бірлесіп, технологияларымен қамтамасыз етілген. Дегенмен, тамақ өндірісі кәсіпорындарының технологиялық жабдықтарын үнемі жетілдіріп отыру қажет. Оларды жетілдіру келесідей бағыттарда жүргізіледі:
∙ технологиялық желінің, яғни жабдықтың өнімділігін арттыру;
∙ технологиялық жабдық бөлшектері мен механизмдерінің сенімділігін жоғарылату;
∙ басқаруы жеңіл механикаландырылған және автоматтандырылған желілерді шығару;
∙ машиналарды ауыстырмалы бөлшектермен қамтамасыз етіп, массасын азайту және т.б.
Қазіргі уақыт талабына сай тамақ өнеркәсіптері аз қалдықтар немесе қалдықсыз технологияларды, жаңа қондырғы, құрылымдарды іске қосып, өнім сапасын жоғарлатуға басты көңіл бөлуде. Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай: «Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс. Ауыл шаруашылығын әр тараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейтуді тапсырамын. Азық-түлік –ең тұрақты валюта. Азық-түлік әр қашан бар.Астық, күріш, майлы, жем-шөп дақылдары, ет-сүт өнімдері өндірісі бойынша біздің мемлекетіміздің агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық әлеуеті зор». Сондықтанда қазіргі кезде азық-түлік өнімдерін қауіпсіз өндіру технологиясы қолға алынып отыр.
...