Катиондардың қышқылдық-негіздік, сульфидтік, аммиакты-фосфатты жіктелу кестесі. Топтық реагенттердің ерекшеліктері
Автор: zamken_sara • Октябрь 10, 2020 • Лекция • 355 Слов (2 Страниц) • 3,144 Просмотры
3- семинар. Катиондардың қышқылдық-негіздік, сульфидтік, аммиакты-фосфатты жіктелу кестесі. Топтық реагенттердің ерекшеліктері. Аниондардың жіктелу кестесі.
Мақсаты: Қышқылдық-негіздік, сульфидтік, аммиакты-фосфатты жіктелуі, топтық реагенттердің әсерін талқылау. Аниондардың жіктелу ерекшелігі.
Катиондардың аналитикалық жіктелуі аналитикалық топ катиондарына топтық реагенттердің әсері арқылы бөлінуіне негізделген. Топтық реагент иондардың қоспасына белгілі ретпен және тізбектеле әсер етеді. Топтық реагент төмендегі талаптарға сай болу керек:
1) катиондарды толығымен сандық түрде тұндыру;
2) талдауды дұрыс жүргізу үшін алынған тұнба оңай еру керек;
3) реагенттің артық мөлшері ерітіндідегі басқа иондарды анықтауда кедергі жасамауы тиіс.
Талдауда қолданылатын реагенттің түріне байланысты катиондардың жіктелуінің мынадай тізбектері белгілі:
1) қышқылды-негізді;
2) сульфидті;
3) аммиакты-фосфатты.
Катиондардың аналитикалық жіктелуі элементтердің химиялық қасиеттеріне және Менделеевтің периодтық жүйесіндегі орналасуына, олардың құрылысына, физика-химиялық мінездемелеріне тікелей байланысты. Бұл жіктелулердің барлығы аналитикалық химиядаға тәжірибелер негізінде құрылған.
Қыщқылды-негіздік тізбек металдардың хлоридтерінің, сульфаттарының, гидроксидтерінің ерігіштігіне байланысты жіктелген. Қышқылдық-негіздік жіктелу арқылы катиондар алты топқа біріктіріледі.
Катиондардың қышқылды-негіздік жіктелуі
Топтар | Катиондар | Топтық реагент | Қосылыстардың қысқаша сипаттамалары |
I | NH4+, Na+, K+, Li+ | Жоқ | - |
II | Ag+, Pb2+, Hg22+ | HCl | МСl, MCl2 қышқылдарда ерімейді (сұйыт.) |
III | Ba2+, Ca2+, Sr2+ | H2SO4 | MSO4 қышқыл мен сілтілерде ерімейді |
IV | Al3+, Cr3+, Zn2+, Sn2+ Sn(IV), As(III,V) | NaOH артық мөлшері | M(OH)n, NaOH-ң артық мөлшерінде ериді |
V | Fe2+, Fe3+, Bi3+, Mn2+, Mg2+, Sb(III,V) | NaOH | M(OH)n, NaOH-ң артық мөлшерінде ерімейді |
VI | Cu2+, Hg2+, Ni2+, Co2+, Cd2+ | NH3⋅H2O артық мөлшері | M(OH)n, NH3⋅H2O артық мөлшерінде ериді |
Катиондардың сульфидтік жіктелуі
Топтар | Катиондар | Топтық реагент | Қосылыстардың қысқаша сипаттамалары |
I | NH4+, Na+, K+, Li+ | Жоқ | - |
II | Ba2+, Ca2+, Sr2+, Mg2+ | (NH4)2CO3 (NH3 + NH4Cl, pH=9,25 | Карбонаттарысуда ериді |
IIIА | Al3+, Cr3+ | (NH4)2S (NH3 + NH4Cl, pH=9,25 | Сульфидтері сұйытылған қышқылдарда ериді |
IIIВ | Fe2+, Fe3+, Zn2+, Co2+, Mn2+ , Ni2+ | ||
IVA | Cu2+, Hg2+ , Cd2+ , Bi3+
| H2S HCl, pH=0,5 | Сульфидтері сұйытылған қышқылдарда ерімейді Na2S, (NH4)2S артық мөлшерінде ериді |
IVB | Sn2+, Sn (IV), Sb(III,V) | Na2S немесе (NH4)2S (NH3 + NH4Cl, pH=9,25 | |
V | Ag+, Pb2+, Hg22+ | HCl | Хлоридтері суда және сұйытылған қышқылдарда ерімейді |
...