Жүгері өскіндерін пайдалану арқылы нан өнімдерінің антиоксиданттық құрамын байыту
Автор: Madina1108 • Апрель 15, 2018 • Курсовая работа • 3,222 Слов (13 Страниц) • 965 Просмотры
МАЗМҰНЫ | ||
КІРІСПЕ | 3 | |
1. | ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ | 6 |
1.1 | Нан және нан өнімдері | 6 |
1.2 | Нан өнімдерінің пайдасы | 7 |
1.3 | Жалпы жүгері өсімдігі | 8 |
1.4 | Жүгері өскіні | 9 |
2. | ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ | 10 |
2.1 | Жүгері өскіндерін пайдалану арқылы нан өнімдерінің антиоксиданттық құрамын байыту | 10 |
2.2 | Жүгері мен нанның ылғалдылығын анықтау | 10 |
2.3 | Жүгері мен нандағы ақуыз мөлшерін анықтау | 11 |
2.4 | Жүгері мен нандағы май мөлшерін анықтау | 11 |
2.5 | Нанның органолептикалық көрсеткіштерін зерттеу | 12 |
3. | НӘТИЖЕЛЕР МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУ | 14 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 21 | |
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | 22 |
КІРІСПЕ
Мен, Жайырбаева Мадина Боранғазықызы 15.01.2018 – 04.03.2018 есепті кезеңде Алматы Технологиялық Университетінің «Тағам өндірісі» факультетінде, «Тағамдық қауіпсіздігі ғылыми – зерттеу институты» сынақ зертханасында өткіздім.
«Тағамдық қауіпсіздігі ғылыми – зерттеу институты» сынақ зертханасы.
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігін және сапасын зерттеу мақсатында қазіргі таңда көптеген зерттеу институттары мен зертханалар жұмыс жасауда, соның бірі тағам қауіпсіздігі ғылыми зерттеу институты.
Тамақ қауіпсіздігі ғылыми – зерттеу институты 2011 жылы Ғылыми – зерттеу институты негізінде құрылған.
ТҚҒЗИ жеке заңды тұлғалық құқы жоқ, мемлекеттік тапсырыстағы келісімдермен және өнеркәсіптермен ҒЗ ТҚЖ жүргізу үшін құрылған, тағам өндірісі бойынша кең тұрғыда зерттеулер жүргізетін АТУ структуралық ғылыми құрылымы.ТҚҒЗИ қызметінің мақсаты ғылыми зерттеулердi жүйелiк жоспарлау және тиiмдi ұйымдастыру, мамандандырылған кадрларды дайындауда қатысу болып табылады.
ТҚҒЗИ қызметінің негізгі тапсырмалары:
- ТҚҒЗИ құрылымдық бөлiмшелерінің қызметін уйлестіру;
- ТҚҒЗИ-ныңматериалды-техникалықбазасындамытужәненығайту;
- ҚР, халықаралық грант және ғылыми қорлардың ғылыми-техникалық жоба бағдарламаларын өңдеуге араласу;
- ҚР тамақ қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша мамандандырылған ғылымикадрларды дайындауға көмектесу;
- Қазiргi ғылым жетістіктері мен меншiктi зерттеу нәтижелерін де пайдалана отырып, тамақ қауіпсіздігі бойынша бiлiм саласындағы қызметі оқу процессiн ұйымдастыру;
- Халық аралық қатынастарды дамыту.
Азық – түлік өнімдерінің қауіпсіздігін және сапасын талдау бойынша зерттеу зертханасы, «Тағам қауіпсіздігі» аккредиттелген сынақ зертханасы тұтынушылардың тағам өнімдерінің сапасына деген сұранысын және сенімділігін, тұтынушыны өндірушілердің жалған ақпаратынан сақтау мақсатында қызмет етеді. Зертханада атқарылатын негізгі жұмыстар:
- өндіріс (нан, сүт, ет өнімдері) технологиялық процессінің бағыты бойынша шикізат пен өнімнің сапасын бақылау;
- физика–химиялық және микробиологиялық жеке талдау түрлерін жүргізу;
- зерттелетін және жаңа өнімдердің нормативті және технологиялық құжаттарын ойластыру.
Зерттеу аккредитациясының облысына ILAC MRA Келісіміне қол қойғанғандардаң бірі болып табылатын “Ұлттық аккредиттеу орталығы”, Қазақстан Республикасының Индустрия және Жаңа технологиялар Министрлігі, Техникалақ реттеу және метрология Комитетінің шешімі бойынша «Тағам қауіпсіздігі» сынақ зертханасы ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлеу зертхана біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген (Аккредиттеу аттестаты № KZ.И.02.1127 17 қаңтар 2017 жыл).Физика-химиялық және микробиологиялық бөлімшелер бар.
...