Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жер телімдерін спутниктік жүйені пайдалану арқылы межелеу

Автор:   •  Октябрь 26, 2021  •  Реферат  •  547 Слов (3 Страниц)  •  368 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»

Кафедрасы: «География, кадастр және жерге орналастыру»

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Жер телімдерін спутниктік жүйені пайдалану арқылы

межелеу»

Орындаған: Аманулла.М

Тексерген: Давлеткалиев.Б

Алматы, 2021 ж

Жоспары:

І. Кіріспе........................................................................................................... 3 бет

ІІ.Негізгі бөлім............................................................................................. 3-4 бет

2.1. Геодезиялық негіз......................................................................................  3 бет

2.2. Спутниктік жүйе..................................................................................... 3-4 бет

2.3. Кинематикалық тәсіл................................................................................. 4 бет

ІІІ. Қорытынды.............................................................................................. 4 бет

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер................................................................... 5 бет

І. Кіріспе

Геодезияда ХХ ғасырдың соңына қарай жер жасанды серігін (СЖЖС) пайдалану негізінде түбегейлі жаңа принципті геодезиялық өлшеулерді жүргізетін спутниктік позициялау әдісі пайда болды. Осы әдіс арқылы спутниктік навигациялық – геодезиялық жүйе (СНГЖ) көмегімен кез келген тұрақты немесе қозғалыстағы нүктенің орналасу орнын анықтауға мүмкіндік туды. Соның нәтижесінде бұл бағыт адамдардың іс-әрекеттерінің әртүрлі салаларында кеңінен қолданыс тапты. Мысалы, кез келген нысан координаттары тек геодезистерге ғана емес, жүзушілерге, авиаторларға, әскерилерге әртүрлі экспедиция қатысушыларына және де басқа тұтынушыларға қажет мәлімет.

 ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Геодезиялық негіз

Егерде, бұрында геодезиялық негізді жасау үшін көп материалдық және қаржылық шығынды қажет ететін әртүрлі конфигурациялы торларды құру қажет болса, бұл әдісте олардың керегі жоқ. Керек болса, жалғыз спутниктік қабылдағыш арқылы кез келген нысанның координаттарын 1 метрлік дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай дәлдік навигацияда ғана емес, жер-кадастрлық, мелиоративтік; геологиялық және тағы басқа жұмыстарда жеткілікті дәлдік болып есептеледі.

2.2. Спутниктік жүйе

Қазіргі кезде глобальдық спутниктік жүйені қолдану жердің кез келген нүктесінде кез келген уақытта координаттарды 1 см дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.Бұл жағдай жасанды спутниктердің орбиталық биіктігін 20 мың километрге дейін, ал спутниктердің санын 24-ке жеткізудің нәтижесінде болып отыр. Қазіргі уақытта әлемде бірнеше глобальдық жүйелер пайда болды, соның ішінде ең алғашқылары ретінде америкалық GPS және ресейлік ГЛОНАСС-ты айтуға болады. Межелік белгілердің орындарын глобальдық навигациялық спутниктік жүйелік анықтау кезінде спутниктік бақылаудың әртүрлі тәсілдері пайдаланылады. Статистикалық тәсілде базалық сызықтық екі шетіне орналасқан екі қозғалатын спутниктік қабылдағышпен бір мезетте бір сағаттай уақыт аралығында төрттен көп емес НИСЗ-ден сигнал қабылданады.

...

Скачать:   txt (9.4 Kb)   pdf (98.3 Kb)   docx (27.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club