Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Диамагнетиктер және парамагнетиктер

Автор:   •  Ноябрь 9, 2022  •  Лекция  •  373 Слов (2 Страниц)  •  1,385 Просмотры

Страница 1 из 2

Диамагнетиктер және парамагнетиктер

Эксперименттік зерттеулер барлық заттардың магниттік қасиеті болатынын көрсетті.Егер тогы бар орамдықандай да бір ортаға орналастырса, онда токтардың арасындағы өзара магниттік әсер өзгереді.

Біртекті ортадағы В магнит индукциясы модулі жағынан вакуумдағы Вₒ магнит өрісінің индукциясынан неше есе өзгеше екендігін көрсететін физикалық шама магнит өтімділігі деп аталады:

Магнит өтімділігі μ≠1 болатын заттар магнетиктер деп аталады.Магниттік қасиеттері бойынша магнетиктер шартты түрде 3 топқа бөлінеді:диамагнетиктер, парамагнетиктер және ферромагнетиктер.

Диамагнетиктер дегеніміз сыртқы өріс индукциясына қарама- қарсы бағытта бәсең магниттелетін заттар.Мысалы,шыны,сутек,күміс,қорғасын,кварцтың және көптеген газдардың диамагнетиктік қасиеттері бар.Диамагнетиктерде магниттік өтімділік μ<1.Өте күшті диамагнетик деп саналатын висмуттың магниттік өтімділігі -μ=0,999824.

Диамагнетизмнің пайда болуы Лоренц күшімен байланысты.Осы күштің әсерінен электрондардың орбита бойымен қозғалысының сипаты өзгередіжәне магнит өрістерінің теңдігі бұзылады.Диамагнетиктенжасалған заттарды электромагнит полюстерінің арасындағы біртекті магнит өрісіне орналастырса, заттар өрістен тебіледі.

Диамагнетизм эффектісін 1845 жылы М.Фарадей ашты.

Парамагнетиктер дегеніміз сыртқы өріс индукциясы бағытында бәсең магниттелетін заттар.Парамагнитті заттардың магниттелуі – ондағы молекулалық тоқтардың белгілі бір ретпен орналасуынан болады,яғни осы материалдан жасалған өзекшелер индукция сызығыныңбойына жинақталса,диамагнитті материалдан жасалғандары индукция сызығына перпендикуляр бағытта қозғалады.Парамагнетиктердің магниттік өтімділігі бірден сәл үлкен,μ>1.Мысалы, платинада μ=1.00036.Вольфрамда μ=1.000176,алюминийде μ=1.000023.

Парамагнетиктер теориясын жетілдіріп дамытқан Поль Ланжеван болды.

Магнетиктердің ішінде сыртқы магнит өрісі жоқ кездің өзінде де магниттелуге бейім заттар болады.Сондықтан олар

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (47.9 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club