Биспидин негіздерінің биологиялық активтілігі мен синтезі
Автор: Yelaman1 • Сентябрь 23, 2018 • Реферат • 4,318 Слов (18 Страниц) • 756 Просмотры
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1 Биспидин негіздерінің биологиялық активтілігі мен синтезі
Пиперидин циклі көптеген табиғиби ологиялық белсенді қосылыс молекулаларының құрамдас бөлігі. Дәл осы факт-синтетикалық алмастырғыштар, дәрілік өсімдіктер синтезінің дамытуы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына серпіліс берді.
Химиктердің бицикло[3.3.1]нонанның гетероаналогтарын зерттеуге қызығушылық тудырған басты жағдайы, олардың құрамында ерекше кешендік қосылыстардың қаситеттерінің болуы және де теориялық әрі практикалық түрде құндылығы еді.
Әдеби шолуда, аза- және 3,7-диазабицикло[3.3.1]нонанның кеңістіктегі құрылымы,синтездеу әдістері,биологиялық белсенділігі қарастырылады. Нәзік органикалық синтездің ең басты бағыттарының бірі-еліміздің медицина саласында қолданылатын дәрілік заттарға, жаңа синтетикалық алмастырғыштарды жасап шығару.
3,7-Диазабициклононан көптеген алкалоидтардың структуралық құрамының негізі,соның ішінде 1 класқа жататын антиаритмик,жүректің бұлшық етінің белсенділігіне әсер ететін тетрациклдік алкалоид-спартеин[1]. Спартеиннің химиядағы басты жаңалығы аритмияға қарсы [2,3] негізгі структуралық бірліктері саналған. Жүргізілген зерттеулер бойынша оның 3,7-диазабицикло[3.3.1]нонан(биспидиннің фрагменті) екені анықталған еді.
[pic 1]
Спартеиннің биологиялық активтілігі белсенді болғанымен, улылылық әсерінің жоғарылығынан терапевттік әсері мен қолданылуына шектеу қойылған.
Спартеиннің құрамындағы қассиеттер Cytisus және Lupinus түріндегі өсімдіктерде болуы, зерттеушілерді улылығы төмен жоғары активті жаңа терапевтілік заттарды синтездеп шығаруға негіздеді. Жасалған зерттеулер прототип ретинде қолданылған,спартеинге ұқсас азот [5-8] атомдарымен қоса,бициклдік жүйесінде әртүрлі орынбасарлары бар 3,7-диазабицикло[3.3.1]нонанның жаңа туындыларын синтезделуіне әкелді.
1.2Манних конденсациясы бойынша 3-аза- және 3,7-диазабицикло[3.3.1]нонан туындыларын синтездеу
3-аза- және 3,7-диазабицикло[3.3.1]нонандарды қолжетімді, әрі арзан шикізаттар және биологиялық белсенді спектірінің кеңдігі,оның жаңа аналогтары мен қосылыстарының трансформациясын зерттеуге жеңілдік береді. Манних конденсациясы 3-аза- және 3,7-диазабицикло[3.3.1]нонан-9-онның препаративті синтезделуінің жеңіл және ыңғайлы жолы. C-H қышқылдық қасиет көрсететін альдегидтер мен аминдердің реакциясы кезінде қолданылатын аминнің нуклеофильділігі реакцияға түсетін C-H-қышқылдық байланысынан жоғары болу керектігің ескерген жөн.Олай болмаған жағдайда альдегид: альдольдық реакцияға ұқсас метилендік компонентпен әрекеттесу ықтималдылығы жоғары. Ацетон және оның жай туындыларының әрекеттесуі оған сәйкес келетін 1:4:2 қатынастағы альдегид пен біріншілік аминдер,биспидин туындыларының түзілуіне әкелетіні көрсетілген[5,9,10].
[pic 2]
Манних конденсациясы реакцияға альдегидтер мен кетондады енгізе отырып,цикл құрамында орынбасарлары бар аза- және диазабициклононанондарды синтездей алады.Ол бастапқы кетондарға сәйкес 3-аза- және 3,7-диазабицикло[3.3.1]нонан-9-он түзейтін біріншілік аминдер мен үйлесімге келетін альдегидтермен әрекеттесетін циклдік кетондарға да бағытталған. Бұл әдіс орынбасарларды кеңейтілген түрде қарастырады,себебі реакцияны аралық моноциклдық өнімдерді шығару арқылы сатылы түрде жүргізуге болады.Бұған қоса реакцияның екінші сатысында оның синтетикалық қабілеттілігін арттыра алатын басқа да альдегидтерді қолдануға болады.Онымен қоса Манних конденсациясы аза- және диазобициклононанды реакцияға әртүрлі альдегидтермен кетондарды енгізуімен жүргізіледі. Бұл реакция циклды және алтымүшелі кетондарға негізделеді. Реакция біріншілік амин, альдегидпен әрекеттесіп 3-аза- немесе 3,7-диазабицикло[3.3.1.]нонан-9-онды түзеді. Бұл әдістің артықшылығы: реакцияны сатылап жүргізіп, аралық моноциклды қосылыстарды алуға болады.Реакцияның екінші сатысында жаңа альдегидерді қолдануға болады.
...