Берілген заттардың физикалық қасиеттерін зерттеу
Автор: nurai1994.kz • Май 10, 2018 • Контрольная работа • 970 Слов (4 Страниц) • 1,270 Просмотры
1-зертханалық тәжірибелер
I. Берілген заттардың физикалық қасиеттерін зерттеу.
Құралдар мен реактивтер: спиртшам, шынытаяқша, қысқыш; сынауыққа салынған заттар: мыс сым, темір шеге, алюминийден жасалған бұйымдар, күкірт, ас тұзы, су, мырыш түйірлері.
Тапсырма. Берілген заттарды зерттеп, оның физикалық қасиеттерін сипаттаңдар (анықтамалыққа сүйене отырып).
Жұмысты орындау үлгісі
№ | Қасиеттері | Заттар | |||||
су | күкірт | ас тұзы | мыс | темір | мырыш | ||
1 | Түсі | ||||||
2 | Агрегаттық күйі | ||||||
3 | Тығыздығы | ||||||
4 | Балқу температурасы | ||||||
5 | Қайнау температурасы | ||||||
6 | Жылтырлығы | ||||||
7 | Суда ерігіштігі |
II. Қоспаны бөлу
Құралдар мен реактивтер: Зертханалық тұрғы, химиялық стакан, құйғы, сүзгі қағаз, ұстағыш, темір мен күкірт қоспасы.
Жұмысты орындау үлгісі.
1-тапсырма. Темір мен күкірт араласып кетекн қоспадан темірді бөліп алу.
Ол үшін қағаздың бетіне заттардың қоспасын салып, оған астыңғы жағынан бір парақ қағаз жапқан магнитті жақындатсақ, сұр түсті түйіршіктер қоспа бетін жапқан қағаз астына жабысқанын байқаймыз. Демек, әртүрлі қоспаларды қасиеттеріне сәйкес түрлі тәсілмен бөліп алуға болады.
1-практикалық жұмыс
Химия кабинетінде жұмыс жасаудың қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысу. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеп үйрену
1. Химиялық тәжірибе кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысу оқулықтың 235-238-бетінде берілген. [pic 1]
2. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеп үйрену.
Әуелі химиялық шыны ыдыстардың оқулықтағы 52-суреттегі атауларымен танысыңдар. Сонан соң үстелдегі басқа ыдыстардың аттарын үйреніңдер. Келесі кезекте зертханалық тұрғының құрылысымен танысыңдар (11-сурет). Бөліктерін талдай отырып, аттарын үйреніңдер. Асбест торға құтыны орналастырып, спиртшамды жағып су қыздыруды үйреніңдер.
[pic 2]
[pic 3]
2-практикалық жұмыс
Ластанған ас тұзын тазарту
1. Ластанған ас тұзын еріту (тұздың құммен қоспасы). Стакандағы ластанған тұзға 50 мл су құйыңдар. Еруді тездету үшін стақанның ішіндегісін шыны таяқшамен араластырыңдар (абайлап, стақанның қабырғаларына тигізбей). Тұз ерімесе, толық ерігенге дейін аздап су қосыңдар.
2. Алынған ерітіндіні сүзіп тазарту. Сүзгі даярлау үшін ені құйғының диаметірінен екі есе үлкен сүзгі қағазды ортасынан екіге бүктеңдер, құйғыға салып өлшеп, құйғының шетіне 0,5 см жетпей тұратындай етіп доға бойынша кесіңдер. Сүзгіні құйғыға жазып салып ылғалдаңдар, құйғының бетіне тығыз жанасатындай етіп орналастырыңдар. Құйғыны тұрғы сақинасына орналастырыңдар. Оның төменгі ұшы сүзілген ерітінді жиналатын стаканның ішкі қабырғасына тиіп тұратын болсын. Лайланған ерітіндіні сүзгіге шыны таяқша арқылы құйыңдар. Стақанға мөлдір сүзінді ағады.
3. Ерітіндіні суалту. Алынған сүзіндіні стақанға құйып, тұрғы сақинасына қойылған асбест торға орналастырыңдар. Әлсін-әлсін араластыра отырып, сүзіндіні толық суалғанша қыздырыңдар. Алынған тұзды бастапқысымен салыстырыңдар, қорытынды жасаңдар.
2-зертханалық тәжірибелер
Химиялық реакциялардың типтеріне және белгілеріне тәжірибелер жүргізу
Құралдар мен реактивтер: спиртшам, мыс сым, малахит, ағаш жаңқасы, парафин.
1. Спиртшамның жалынында мыс сымды қыздырыңдар, содан кейін оттан алып, түзілген қара ұнтақты қағазға қырып түсіріп алыңдар.
...